Германия Қазақстанмен жан-жақты экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі

Германия Қазақстанмен жан-жақты экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі

 Берлинге жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді ГФР Федералдық Сыртқы істер министрі Хайко Мааспен өткен жылғы желтоқсанда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германияға алғашқы ресми сапары барысында қол жеткізілген екіжақты уағдаластықтарды жүзеге асыру бойынша «сағаттарды теңістеру» үшін кездесті. Тараптар сондай-ақ алдағы кездесулер мен жоғары деңгейдегі сапарлардың күнтізбелік жоспарын талқылады.

Германия СІМ басшысы Х. Маас ҚР Президентінің бейбіт жиналыстар бостандығы, саяси партияларды қалыптастыру, өлім жазасын жою және т.б. салаларда жүргізіп жатқан реформаларын жоғары бағалады.

Сонымен қатар, М. Тілеуберді ГФР ірі компанияларының басшыларымен бірқатар екіжақты кездесулер өткізіп, қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату, көлік-логистикалық бизнесті дамыту, цифрландыру және ақпараттық технологиялар саласындағы ынтымақтастықты арттыру мүмкіндіктері мен нақты жобаларды талқылады.

Неміс бизнесмендері Президент Қ. Тоқаевтың ГФР-ға желтоқсан айында жасаған сапарының қорытындысын, оларға ұсынылған неміс компаниялары үшін қолдаудың бірегей шарттарын және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары төрағалығымен герман инвесторларымен өзара іс-қимыл жасау үшін арнайы жұмыс тобын құруын жағымды бағалады.Сол күні Қазақстан СІМ басшысы Герман тарапының шақыруымен құрметті қонақ ретінде Герман экономикасы Шығыс комитетінің (ГЭШК) Жаңа жылдық қабылдауында сөз сөйледі. Іс-шараға ГФР, Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдерінің мемлекеттік органдарының басшылары, жетекші Герман компаниялары мен бизнес-қауымдастықтардың басшылары қатысты.

Министр М. Тілеуберді өз сөзінде екі елдің бизнес-қоғамдастықтары арасындағы іскерлік байланыстарды нығайтуға қосқан қомақты үлесі үшін ШКГЭ-ге алғысын білдірді. «Біз үшін ГФР - Еуроодақтағы негізгі серіктес. Біз Германия Қазақстанмен ынтымақтастыққа аса маңызды мән беретініне қуаныштымыз. Біздің елімізге Германияның Орталық Азиямен тауар айналымының 86% келеді. Қазақстанда жұмыс істейтін 900-ге жуық неміс компаниясы біздің экономиканы жаңғырту мен дамытуға елеулі үлес қосуда», - деп түйіндеді сыртқы саяси ведомство басшысы.

Министр неміс бизнесмендерін Қазақстанға инвестиция салуға шақырып, қазақстандық нарықтың инвестициялық тартымдылығын арттыратын және өзара тиімді қызмет үшін мүмкіндіктерді айтарлықтай кеңейтетін бірқатар преференциялар мен жеңілдікті шарттарды атап өтті. Іскерлік топтар ҚР-дағы инвестициялық жобаларын және қатысуын арттыруға мүдделі екендіктерін білдіріп, сондай-ақ неміс жобаларына ҚР басшылығына ерекше көңіл бөлгені үшін алғыс білдірді.

Іс-шара аясында М. Тілеуберді ГФР Экономика және энергетика федералдық министрі Петер Альтмайермен кездесіп, ол Қазақстан басшылығына неміс бизнесіне ерекше назар аударғаны үшін, Германияның қазақстандық нарыққа қатысуын кеңейтуге және біздің елімізге және жалпы өңірге инвестицияларды арттыруға әзір екендігі үшін алғысын білдірді. Ол ағымдағы жылдың маусым айында ДСҰ-ның 12-ші министрлік конференциясына қатысу үшін Нұр-Сұлтан қаласына сапар жасауға дайындығын растады.

Қазақстан СІМ басшысының Берлинге сапары Мемлекет басшысының 2019 жылғы желтоқсандағы ресми сапары барысында берілген екіжақты өзара іс-қимылдың жоғары қарқынын растады.

Герман экономикасының шығыс комитеті 1952 жылы құрылған. Ұйымның негізгі мақсаты шетелдегі герман бизнесін қолдау, құқықтық қауіпсіздік пен нормативтік талаптарды қамтамасыз ету, сауда және визалық кедергілерді жою, жалпыеуропалық экономикалық кеңістік құру болып табылады. Стартап пен отбасылық компаниялардан бастап DAX индексіне кіретін ірі акционерлік қоғамдар мен ТНК-ға дейін 200-ге жуық түрлі кәсіпорындарды біріктіреді.

Ұйым, сарапшылардың пікірінше, АҚШ пен ҚХР-дан озып, неміс сыртқы сауда көлемі бойынша бірінші орынды алатын аймақ - Шығыс Еуропа мен Орталық Азияның 28 елінде неміс бизнесінің мүдделерін білдіреді.

 

Қазақстан Республикасы

Сыртқы істер министрлігінің

баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив