Бас прокуратура ағымдағы жылды қорытындылады

Бас прокуратура ағымдағы жылды қорытындылады

Бүгін Бас прокуратура алқасының кеңейтілген отырысында Ғизат Нұрдәулетовтың төрағалығымен 2019 жылғы жұмыс қорытындысы талқыланды.

Бас Прокурор атап өткендей, елдегі криминогендік жағдай жақсарған. Өткен жылмен салыстырғанда қылмыстық құқық бұзушылықтар саны 17 %-ға азайды. Кісі өлтіру 11%-ға, бұзақылық 28%-ға, есірткі қылмысы 12%-ға қысқарған.   

«Біз кез келген заң бұзушылықтарға дер кезінде төтеп беруге тиіспіз. Ең тімдісі, оларға жол бермеу», - деді Бас Прокурор. Ол сондай-ақ құқық бұзушылықтың алдын-алу мәселелеріне егжей-тегжейлі тоқталып өтті.  

Алқа отырысында қоғамдық мүдделерді қорғау саласындағы тексерулердің нәтижелері айтылды.  Прокурорлардың көмегімен 30 мың қызметкердің жалақысы өтелген. Берешектің жалпы сомасы 2 млрд. теңгеден астам.   

Прокурорлық ықпал ету актілері бойынша 17 мыңнан астам адам әр түрлі жауапкершілікке тартылды. Мемлекет кірісіне 30 млрд теңге өндіріп алынған. 37 мың пайдаланылмайтын жер телімдері кері қайтарылды.

Соттарда 47 млрд теңге сомасында мемлекеттің мүддесі қорғалған.  

Бас Прокурор Мемлекет Басшысы Жолдауының негізгі бағыттарына айрықша мән берді. Қылмыстық процесте заңдылықты қамтамасыз етуде және адам құқықтарын сақтауда прокурорлардың үйлестіруші рөліне баса назар аударды.

Ағымдағы жылы прокурорлар 219 адамды негізсіз қудалауды тоқтатты. Қызметтік үй-жайлардан және изоляторлардан 725 заңсыз ұсталған адам босатылған.  

Прокурорлардың өтініштері мен наразылықтары бойынша соттар 1172 азаматқа қатысты үкімді қайта қарады. Прокурорлардың бастамасымен  36 адам ақталған.  

Қадағалау органының жұмысын қорытындылай келе, Ғизат Нұрдәулетов азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау, қоғамда құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша барлық күш-жігерді жұмсауды тапсырды.

 «Прокуратура органдарының қолжетімділігін одан әрі арттыру қажет. Әрбір арыз бойынша жедел әрі тынымсыз жұмыс істеу керек.  Жұртшылықпен етене қарым-қатынас- негізгі басымдықтардың бірі. Біз ресми көзқарастан мүлдем арылуымыз қажет»,- деп түйіндеді сөзін Бас Прокурор.

Алқа отырысының қорытындысы бойынша қадағалау ведомствосының басшысы алдағы жылға арналған басым міндеттерді айқындап, негізгі бағыттарды белгіледі.

 

ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив