Еуроодақ Елшілері Қазақстанмен саяси және экономикалық ынтымақтыстықтың келешегін жоғары бағалайды

Еуроодақ Елшілері Қазақстанмен саяси және экономикалық ынтымақтыстықтың келешегін жоғары бағалайды

Қазақстан Респрубликасы және Еуропалық Одақ арасындағы екіжақты және көпжақты өзара әрекеттесу мәселелерінің кең ауқымы бүгін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің ҚР-дағы ЕО дипломатиялық өкілдіктерінің басшыларымен кездесуі барысында қарастырылды.

Сыртқысаяси ведомствосының басшысы Қазақстан Еуропалық Одақпен қалыптасқан белсенді саяси диалогпен, тауар айналымы және тікелей инвестициялардың жоғары серпінімен сипатталатын достық қатынастарды ерекше бағалайтынын атап өтті.

Министр жақын уақытта ЕО-ның барлық 28 мүше-мемлекеттерімен ратификацияланған Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы Келісімді (КӘЫК) және ү.ж. маусымда қабылданған Орталық Азия елдерімен өзара қарым-қатынастары бойынша ЕО-ның жаңа Стратегиясына оң баға берді.

Еуропалық дипломаттар ҚР-да жүріп жатқан саяси, экономикалық және әлеуметтік реформаларға жоғары баға беріп, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған жолдауында айқындалған бастамаларының алға басушылығын атап өтті.

Дипломаттар аталған стратегиялық маңызды құжаттардың жүзеге асырылуының институционалдық және қаржылық аспектілерін, сондай-ақ ЕО-Орталық Азия бағыты бойынша ынтымақтастықтың перспективалық салаларының даму жолдарын талқылады. Қазіргі таңда Қазақстан тарапының КӘЫК-тың әлеуетін ашуға бағытталған «жол картасын» пысықтау жұмысы аталып өтілді.

Ү.ж. мамыр айында Еуропалық Кеңес Президенті Дональд Тусктың Нұр-Сұлтанға ресми сапары бойынша нәтижелерінің жүзеге асырылуына, соның ішінде ҚР Тұңғыш Президенті -­ Елбасы Н.Назарбаевпен және ҚР Президенті Қ.Тоқаевпен екіжақты келісімдеріне бөлек назар аударылды.

Көпжақты ынтымақтастықтың күн тәртібі барысында бірқатар мәселелер қарастырылды, атап айтқанда, климаттың өзгеруі, халықаралық қауіпсіздік және ЕЭО, ЕҚЫҰ, ЕЭЫДҰ және т.б. секілді халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара әрекеттесу мәселелері талқыланды. ЕО Елшілері Қазақстан Президентінің ү.ж. қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясында баяндаған халықаралық күн тәртібі бойынша ұсыныстарын жоғары бағалады. Сонымен қатар, халықаралық деңгейде елімізді көрнекті «ойыншыға» айналдырған және барлық жаһандық әріптестермен сындарлы қарым-қатынасты сақтауға мүмкіндік берген Қазақстанның белсенді сыртқы саясаты Елшілер тарапынан жеке аталып өтті. Атап айтқанда, Қазақстанның жаһандық және аймақтық қауіпсіздікті қолдауға бағытталған басты рөлі, соның ішінде ҚР-ның ядролық қаруды таратпау, гуманитарлық операциялар жүргізу, Ауғанстанға көмек көрсету салаларындағы үлесі ерекше аталып өтті.

Сыртқысаяси ведомство басшысы сауда, ауыл шаруашылығы, көлік, логистика, қоршаған орта, білім беру, құқықтық реформалар, шағын және орта бизнесті қолдау салаларындағы жан-жақты байланыстардың тереңдетуге бағытталған бастамаларға Қазақстан қызығушылық білдіретінін атап өтіп, бұл бағыттар бойынша еуропалық әріптестерді ҚР-мен белсенді ынтымақтастыққа шақырды.

Сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты, сондай-ақ мәдениет, толеранттық дәстүр және өзара түсінушілік байланыстарды арттыруға септігін тигізетін ЕО-мен визалық режимді жеңілдету - келіссөздердің басты тақырыбы болды.

Кездесудің қорытындысы бойынша Қазақстандағы ЕО-ның Елшісі Свен-Олов Карлссон ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен еуропалық дипломаттармен сауда-экономикалық ынтымақтастығы бойынша салалық кездесулердің ұйымдастырылуы туралы қазақстандық тараптың жаңа бастамаларын жоғары бағалады. Оның айтуынша, аталған іс-шаралар «ой-пікірлермен алмасуға», сондай-ақ екі тараптың мақсаттарын түсінуге, елдегі іскерлік климаттың одан әрі жақсаруына өзара тиімді шешімдерді пысықтауға және экономикалық ынтымақтастықтың перспективті бағыттарын айқындауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Тараптар Сыртқы істер министрінің қатысуымен ЕО мен ҚР арасындағы ынтымақтастық әлеуетін іске асыру мақсатында осы форматтағы тұрақты жұмыс байланыстарын жалғастыруға келісті.

Анықтама: 2019 ж. қаңтар-қыркүйек аралығында Қазақстанның ЕО елдерімен сыртқы сауда айналымы 23,8 млрд. АҚШ долл. (экспорт – 18,8 млрд. АҚШ долл., импорт – 5 млрд. АҚШ). 2018 жылы тауар айналымы 37,7 млрд. АҚШ долл. (экспорт – 31 млрд. АҚШ долл., импорт – 6,7 млрд.) құрады.

2019 ж. І жж. қорытындысы бойынша ЕО елдерінен 5,4 млрд. АҚШ долл. тікелей инвестициялар тартылды. 2018 ж. Еуроодақтан жалпы ТШИ ағыны 11,6 млрд. АҚШ долларын құрады, бұл 2017 ж. деңгейден 18,4% - ға жоғары (9,8 млрд. АҚШ доллар).

Бүгін Қазақстанда жалпы көлемі 3 млрд. АҚШ долл. жуық ЕО компанияларының қатысуымен 25 инвестициялық жоба іске асырылуда. Біздің елімізде еуропалық қатысумен 4000 астам компаниялар және 2000 астам бірлескен кәсіпорындар тіркелген.

 

Қазақстан Республикасы

Сыртқы істер министрлігінің

баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

2 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив