Инвестициялық-экономикалық ынтымақтастық – Қазақстан-Британ қатынастарының назарында

Инвестициялық-экономикалық ынтымақтастық – Қазақстан-Британ қатынастарының назарында

«Самұрық-Қазына» мен «Da Vinci Capital» инвестициялық компаниясы 100 млн. АҚШ долларын құрайтын тікелей инвестициялар қорын құрады

 

«TURKISTAN» АЭА «fDi» журналының «Global Free Zones of the Year 2019» жүлдесінің үш номинациясында жеңімпаз атанды

 

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко бастаған мемлекеттік және жеке сектор өкілдерінен құралған қазақстандық делегация сапары аясында Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері және Қазақстан-Британ іскерлік қарым-қатынастарының келешегі әңгіме өзегіне айналды.

Ұлыбритания астанасында өткен сапар аясында Қазақстан-Британ Іскерлік Кеңесінің 3-ші пленарлық отырысы және «Kazakhstan Global Investment Forum 2019» инвестициялық форумы ұйымдастырылды. Форумның ұйымдастырушылары: «Financial Times» беделді халықаралық басылымы, «fDi» (Foreign Direct Investment) журналы, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Kazakh Invest» ҰК» АҚ, сондай-ақ ҚР-дың Ұлыбританиядағы Елшілігі.

Форум жұмысына өңдеу, ауыл шаруашылық, химия, тау-кен, қаржы секторларынан, сондай-ақ металлургия салаларынан, баламалы энергетика, логистика және сандық технологиялар компанияларынан 200-ден астам басшы қатысты.

Іс-шара Қазақстанның бизнес пен инвестициялар саласындағы мүмкіндіктеріне, сондай-ақ елдегі соңғы саяси және экономикалық өзгерістерге арналды. Экономикасы жедел дамыған әрі стратегиялық тұрғыда Еуропа мен Азияның екі ортасында орналасқан Қазақстан Ұлыбритания Еуропалық Одақтан шыққан соң оның маңызды коммерциялық серіктесі бола алады.

«Қазақстан Орталық Азияның ірі экономикасы болып табылады және бүкіл аймақтың ЖІӨ-нің жартысынан көбі Қазақстанға тиесілі. Қазақстанның аймақта ең мықты инвестициялық климат қалыптастыра алғанын шетелдік бизнесмендер мойындайды. Оған тәуелсіздік алғалы бері ел экономикасына салынған 300 миллиард АҚШ долларынан астам тікелей шетелдік инвестициялар дәлел», – деді форумның ашылуында Р. Василенко.

Ол іскерлік климаттан басқа, шетелдік инвесторларды Қазақстанға тартатын биліктің бірқалыпты ауысуымен және жаңа Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы сайлануымен дәлелденген елдің саяси тұрақтылығын, жоғары білімді адами ресурстарды, сондай-ақ елдің 500 миллион тұтынушыдан тұратын жылдам өсіп келе жатқан өңірлік нарыққа қол жеткізуі екендігін атап өтті.

Р. Василенко жыл басында экономиканың басты секторларына инвестиция тарту міндеті жүктелген Қазақстанның сыртқысаяси ведомствосы қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін аянбай еңбек етіп жатқандығын атап өтті.

Форумда негізгі спикерлер қатарында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов, «Астана» Халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) Басқарушысы Қайрат Келімбетов, Ұлыбританияның инвестициялар мәселелері бойынша мемлекеттік министрі Грэм Стюарт, Ұлыбритания Премьер-Министрінің Қазақстан бойынша сауда өкілі Баронесса Эмма Николсон, Ұлыбритания парламентінің мүшесі және «Белдеу және жол» бастамасы бойынша бүкілпартиялық тобының Төрағасы Файзал Рашид, Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) Президенті сэр Сума Чакрабарти және басқалар болды.

Пленарлық сессияда сөз сөйлеген Г. Стюарт «қазіргі уақытта Ұлыбритания Қазақстанның ең ірі тікелей шетелдік инвесторларының бірі болып табылады. Бұл компанияларымыздың сіздің еліңіздің серпінді экономикасына деген сенімін көрсетеді. Жүздеген британдық компаниялардың Қазақстанда қызмет жасауға лицензиясы бар, ал біздің елдеріміз арасындағы сауданың жалпы көлемі өткен жылы 2,7 миллиард фунт стерлингті құрады. Ұлыбритания Еуропалық одақтан шығып, шын мәнінде еркін сауда саласындағы жаһандық көшбасшы болуға әзір болғанда, біз британдық фирмалардың Қазақстанға алдағы онжылдықтарда өсіп, дамуға көмектесе отырып, одан да маңызды рөл атқарғанын қалаймыз» деп атап өтті.

Дүниежүзілік банктің «Doing Business – 2019» рейтингісіндегі көрсеткіштердің жақсаруы Қазақстандағы инвестициялық ахуалдың айнасы іспеттес. Қазақстан бизнес жүргізу бойынша ең тартымды 30 елдің қатарына еніп, 190 мемлекет арасында 28 орынға көтерілді.

«Еуразияның жүрегінде ЖІӨ-сі соңғы екі жылда төрт пайызға өскен және британдық компанияларға Еуразиялық экономикалық одаққа, Қытай және Өзбекстан нарықтарына шығу мүмкіндігін ашатын тұрақты платформа болып табылатын Қазақстан орналасқан. Қазақстанға Еуразиядағы шетелдік инвестициялардың ең үлкен бөлігі келеді. Бүгін «Астана» Халықаралық қаржы орталығының өкілдері және басқа да спикерлер әлеуетті инвестициялық мүмкіндіктер туралы айтып, мемлекеттік активтерді жекешелендіру бағдарламасының қазіргі мүмкіндіктері туралы ақпарат береді», – деп атап өтті Баронесса Э. Николсон.

Бірнеше сала бойынша Қазақстанның ірі мемлекеттік активтеріне басшылық ететін «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ рөлі күн тәртібінде тұрған маңызды мәселеге айналды.

«Қор жаһандық экономикалық үрдістерді ескере отырып, табысты әртараптандыруға бағытталған жаңа стратегиясын бекітті. Ол келешегі зор салаларға: мұнай-газ химиясына, жаңартылатын энергия көздеріне, жоғары технологияларға, «Индустрия 4.0-ге», сондай-ақ тәуелсіз қорлармен және ірі инвестициялық компаниялармен тікелей инвестициялардың бірлескен қорларын құруға бағытталады», – деді А. Есімов.

Ол сондай-ақ, Қор алдағы бес жылда жоғарыда аталған бағыттарға 38 млрд. АҚШ долларын құйып, оның 32 млрд. АҚШ доллары шетелдік6 оның ішінде британиялық компаниялардан тартылатын инвестиция көздеріне де тиесілі екендігін атап өтті.

Форумға қатысушылар британиялық құқық принципімен жұмыс істейтін АХҚО-ның маңыздылығына да тоқтады. Орталық инвестиция тарту бойынша маңызды платформа және тиісті қаржы құралдарына ие әрі халықаралық деңгейде қызмет көрсетеді. Инвесторларға жайлы жағдай жасалған. Олардың қатарында барлық халықаралық стандарттарға сәйкес келетін реттеудің тәуелсіз механизмі, сот және халықаралық төрелік орталығы бар.

Қазақстанның қытайлық «Бір белдеу бір жол» бастамасына деген қатысы ерекше назарда болды. Жобаға басшылық етудің британиялық жүйесі, қазақстандық ресурстар және қытай инвестициясы есебінен пәрменділікті арттыру приниципі бойынша Ұлыбритания, Қазақстан және Қытай арасындағы үшжақты әріптестікті дамыту әлеуеті талқыланды. 

ҚР-дың Ұлыбританиядағы Елшісі Ерлан Ыдырысов пен Ұлыбританияның Қазақстандағы Елшісі Майкл Гиффорд форумды қорытындылай келе, осындай ірі, бағыты айқын экономикалық іс-шаралар инвестициялық-экономикалық ынтымақтастықты тереңдетуге және кеңейтуге екі елдің ниетті екендігін көрсетеді деді.

Форум барысында Р. Василенконың британиялық бизнестің «капитандарымен» және халықаралық ұйымдардың басшыларымен екіжақты кездесулері өткізді. Олардың қатарында ЕҚДБ, «GlaxoSmithKline», «Gap Insaat», «Investcorp», «Independent Power Corporation», «United Green», «Worley Parsons», «International Development Ireland» және басқа да компаниялар бар.

Баронесса Э. Николсон және А. Есімов тең төрағалық ететін Қазақстан-Британ Іскерлік Кеңесінің 3-ші пленарлық отырысында екі ел компаниялары өзара әріптестікті дамытудың алдағы жоспарларымен бөлісті. Сондай-ақ «Самұрық-Қазына» портфельдік компанияларының жекешелендіру бағдарламасын іске асырудың жай-күйі мен келешегі қарастырылды. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ акцияларын Лондон қор биржасында орналастырудың табысты тәжірибесі ерекше аталып өтілді.

Отырыс қорытындысы бойынша «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ мен «Da Vinci Capital» инвестициялық компаниясы арасында 100 млн. АҚШ долларын құрайтын тікелей инвестициялар қорын құру туралы келісімге қол қойылды. Келісім аясында қор ақпараттық технологиялар және цифрландыру саласында жұмыс істейтін қазақстандық компанияларға 40 млн. АҚШ долларынан кем болмайтын қаржы құяды. Қаражат аталған компанияларды дамытып, IPO-ға шығаруға бағытталады.

Сонымен қатар «Самұрық-Қазына» көлемі жағынан әлемде 4-ші орын алатын күн және жел электроэнергетикасына маманданған «EDP Renovaveis» компаниясымен бірге инвестиция құю туралы келісімге қол қойды. Құжат Қазақстанда жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобаларды бірлесіп жүзеге асыру қағидаттарын регламенттейді. «EDP Renovaveis» қуаттылығы 250 МВт. болатын күн электр станциясын салу бойынша жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

Бұдан бөлек «QazIndustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ және «International Development Ireland» арасында әріптестік орнату туралы екі меморандумға қол қойылды. Олар 50 млрд. теңгеден кем емес сомаға ирландиялық инвестициялық жобаларды ҚР-дың арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарына тартуға көмектесу, сондай-ақ Экспорттық несиелерді ұсыну бойынша британиялық агенттіктің қаржыландыруы аясында (UK Export Finance) ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен «Gap Insaat» компаниясы арасында Ақтау қаласында 350 орындық ауруханасын салу жобасы.

Іс-шара аясында 5 000 еркін экономикалық аймақтар қатарынан ең үздігін белгілеуге арналған «Global Free Zones of the Year 2019» жүлдесі салтанатты түрде табыс етілді. Марапаттау рәсімі жыл сайын беделді британиялық «fDi» журналымен ұйымдастырылады. «TURKISTAN» Арнайы экономикалық аймағы үш номинацияда жүлде лауреаты атанды: Азия-Тынық мұхит аймағы бойынша шағын және орта бизнесті қолдау саласы бойынша, «Ones To Watch» атты бас редакторының таңдауы, сондай-ақ ең үздік ұран – «Honoring the past, creating the future» (Өткенді құрметтей отырып, болашақты құру).  

Қазақстандық делегацияның сапары 24 қазанда өтетін Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени қарым-қатынас бойынша Қазақстан-Британ мемлекетаралық комиссиясының алтыншы отырысында жалғасады.

 

Қазақстан Республикасы

Сыртқы істер министрлігінің

баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

3 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив