Нұр-Сұлтанда Қазақстан және Уругвай Сыртқы істер министрлерінің алғашқы кездесуі өтті

Нұр-Сұлтанда Қазақстан және Уругвай Сыртқы істер министрлерінің алғашқы кездесуі өтті

Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Уругвайдың Сыртқы істер министрі Родольфо Нин Новоамен кездесу өткізді және бұл екіжақты қарым-қатынастар тарихындағы осы латынамерикалық елдің сыртқы саяси ведомствосы басшысының Қазақстанға жасаған ең алғашқы сапары шеңберінде өтті.

Келіссөздер аясында Министрлер Қазақстан мен Уругвай арасындағы қарым-қатынастардың дамуындағы оң серпінді атап өтіп, екіжақты күн тәртіптің өзекті мәселелерін талқылады, саяси диалогты нығайтудың қажеттілігін растады, сондай-ақ халықаралық және өңірлік мәселелер бойынша пікір алмасты.

Тараптар Еуразиялық экономикалық одақ пен МЕРКОСУР арасында, сондай-ақ «Бір белдеу – бір жол» бастамасы шеңберінде ынтымақтастықты нығайту перспективаларын баса айтып, сауда-экономикалық және инвестициялық бағыттарда ықпалдастықты дамыту маңыздылығына назар аударды.

Қазақстанның СІМ басшысы шетел бизнес өкілдеріне жасалып жатқан қолайлы жағдайларға назар аударып, уругвайлық тарапты ауыл шаруашылығы саласында бірлескен жобаларды іске асыруға және денсаулық сақтау мен туризм салаларында тәжірибе алмасуға шақырды. Халықтарымыз арасындағы байланыстарды күшейтіп, мәдениеттерімізді жақындату мақсатында тараптар визалық режимді ырықтандыру бойынша тиісті келісімдерді жасасуға қолғабыс көрсетуге уағдаласты.

Сонымен қатар, Министрлер көпжақты форматта да диалогты нығайтуға мүдделі екендіктерін жеткізді. Ядролық қаруды таратпау және халықаралық терроризмге қарсы күреске ерекше назар аудара отырып, тараптар БҰҰ шеңберінде жаһандық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері бойынша сындарлы өзара ықпалдастықты жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

Өз кезегінде, Р. Нин Новоа Монтовидеоның Нұр-Сұлтанмен сындарлы және өзара тиімді қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға ниетті екендігін растап, Қазақстанның СІМ басшысын Уругвайға сапар жасауға шақырды.

 

Қазақстан Республикасы

Сыртқы істер министрлігінің

баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив