Нью-Йоркте «С5+1» форматындағы Министрлік кездесу өтті

Нью-Йоркте «С5+1» форматындағы Министрлік кездесу өтті

Мемлекет басшысының АҚШ-қа БҰҰ Бас Ассамблеясының 74-ші сессиясының жұмысына қатысу үшін сапары қарсаңында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді «С5+1» диалогының Министрлік кездесуіне қатысты. Диалогқа АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майкл Помпео, Қырғызстанның сыртқы саяси ведомствосының басшысы Чингиз Айдарбеков, Тәжікстанның - Сироджиддин Мухриддин, Өзбекстанның - Абдулазиз Камилов және Түрікменстанның АҚШ-тағы елшісі Меред Оразов қатысты.

Тараптар сауда-инвестициялық байланыстарды кеңейту жолдарын, сондай-ақ интеграциялық үдерістер мен Орталық Азиядағы сын-қатерлерге ден қою жөніндегі бірлескен күш-жігерді талқылады.

М. Тілеуберді «С5+1» платформасы Орталық Азияда экономикалық өзара іс-қимылды ұлғайтудың және өңірдің транзиттік инфрақұрылымын дамытуға АҚШ ресурстарын тартудың, қоршаған ортаны сақтау жөніндегі жұмыстардың, сондай-ақ аймақтық қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтудың тиімді құралы болып табылатынын атап өтті.

Қазақстан сыртқы саяси ведомствосының басшысы «С5+1» алаңындағы прогресс АҚШ пен Орталық Азияның іскер қоғамдастықтарына сигнал беру қажет екенін және «С5+1» диалогының аясында америкалық инвестициялар мен технологияларды Орталық Азияға тарту бойынша жұмысты жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы М. Помпео Орталық Азия өзінің азаматтарын қақтығыс аймақтардан қайтару бойынша бүкіл әлем үшін үлгі болып табылатынын айтты. АҚШ Мемлекеттік хатшысы Орталық Азия елдерінің экономикалық әріптестігінің маңыздылығын атап өтіп, өңірдің АҚШ-пен инфрақұрылымдық даму саласындағы, оның ішінде АҚШ-тың халықаралық дамуды қаржыландыру бойынша құрылатын корпорация қаражаты арқылы ынтымақтастығының перспективаларын атап өтті.

М. Помпео өңірдегі тұрақтылық пен тұрақты өсуді орнату факторларының бірі ретінде Орталық Азия елдерінің Ауғанстанмен ынтымақтастығын нығайту қажеттігіне назар аударды.

«С5+1» форматы Орталық Азия бес елі мен АҚШ арасындағы өзара іс-қимылдың көпжақты тетігі болып табылады. Алты елдің сыртқы саяси ведомстволары басшыларының Құрылтайлық жиналысы 2015 жылдың қыркүйегінде Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының алаңында өткен.

Орталық Азия сыртқы саяси ведомстволарының басшылары мен АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Дэвид Хэйлдің қатысуымен жоғары деңгейдегі соңғы кездесу осыдан бір ай бұрын Нұр-Сұлтан қаласында өтті.

 

Қазақстан Республикасы

Сыртқы істер министрлігінің

баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив