Әмірліктер Қазақстанмен өзара тиімді қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға мүдделілігін растады

Әмірліктер Қазақстанмен өзара тиімді қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға мүдделілігін растады

 

Ағымдағы жылдың 8-9 қыркүйегінде ҚР Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов Біріккен Араб Әмірліктеріне сапармен барып, оның шеңберінде Әбу-Даби қаласында өткен Қазақстан-БАӘ Үкіметаралық комиссиясының (ҮАК) 7-ші отырысына төрағалық етті.

Әмірліктер тарапынан отырыста БАӘ Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрі шейх Абдалла бен Заид Әл Нахаян тең төраға болды. Делегациялар құрамына екі елдің мүдделі мемлекеттік органдары мен іскер топтарының басшылары мен өкілдері кірді.

Ресми келіссөздер барысында Министрлер Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Әмірліктердің негізін қалаушы шейх Заид бен Сұлтан Әл Нахаян негізін қалаған екіжақты қатынастарды тереңдетуге және кеңейтуге мүдделілігін растады. 2005 жылдан бастап БАӘ-ден Қазақстанға тікелей инвестициялардың жалпы ағыны 2 млрд. АҚШ долларынан асты. Бүгінгі күні жалпы сомасы 10 млрд. доллар құрайтын бірқатар инвестициялық жобалар, оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласындағы «Әбу Даби Плаза» және Атырау облысында пропилен өндіретін интеграцияланған газ-химия кешендерінің құрылысы іске асырылуда.

Бірлескен ҮАК пленарлық отырысында саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және энергетикалық салалардағы өзара тиімді әріптестік мәселелері қаралды. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика, ғарыш, жаңартылатын энергия көздері саласындағы және құқықтық саладағы перспективалық жобалар, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылды дамыту жолдары талқыланды. Туристік байланыстардың дамуына ҚР мен БАӘ арасында визасыз режимнің орнатылуы зор септігін тигізді.

Тараптар ішкі сауда операцияларын жеңілдету, техникалық кедергілерді жою, сәйкестік рәсімдері мен ұлттық белгілерді өзара тану, сондай-ақ азық-түлік өнімдерін сертификаттаудағы ынтымақтастықты көздейтін екіжақты құжаттарды жасасуға уағдаласты. Қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдері, соның ішінде ет өнімдері, көкөніс, жеміс, кептірілген жеміс-жидек, жаңғақ пен бал қазірдің өзінде БАӘ-нің ірі сауда желілері мен 40-тан астам қонақ үйлеріне жеткізілетіні атап өтілді.

Қазақстандық тарап 2020 жылғы 20 қазаннан 2021 жылғы 10 сәуірге дейін Дубаи қаласында өтетін ЭКСПО-2020 дүниежүзілік көрмесінде Қазақстанның көрме павильоны құрылысының басталғанын растады.

ҮАК 7-ші отырыстың қорытындысы бойынша ҚР және БАӘ Сыртқы істер министрлері таяу болашақта өзара іс-қимылдың «Жол картасы» ретінде белгіленген ҮАК хаттамасына қол қойды. Сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласында Халифа бен Заид атындағы гуманитарлық Қордың қаражатына салынған №84 орта мектеп-лицейінің одан әрі жұмыс істеуі туралы меморандумға және ҚР Ұлттық аккредиттеу орталығы мен БАӘ Ұлттық аккредиттеу жүйесі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Сонымен қатар, БАӘ-ге сапары аясында Министр Б. Атамқұлов Премьер-Министрдің орынбасары, БАӘ Президенті істері министрі шейх Мансур бен Заид Әл Нахаянмен келіссөздер жүргізді.

Қазақстандық дипломат ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың БАӘ Президенті шейх Халифа бен Заид Әл Нахаянға арналған жолдауын табыс етті. Мемлекет басшысы өз хатында жан-жақты ынтымақтастықты нығайтуға ниетті екенін қуаттап, БАӘ-ға ресми сапармен келуге шақырғаны үшін Әмірге алғысын білдірді.

Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың алдағы перспективаларын егжей-тегжейлі талқылап, жоғары деңгейде тұрақты диалогты қолдаудың маңыздылығын атап өтті.

Тараптар тарихтағы Әмірліктердің тұңғыш ғарышкеры Хазза әл Мансуридің 25 қыркүйекте «Байқоңыр» ғарыш айлағынан Халықаралық ғарыш стансасына (ХҒС) ұшуын бір ауыздан қолдады. Бұл салтанатты іс-шараға қатысу үшін Қазақстанға БАӘ-нің жоғары деңгейлі делегациясының келуі күтілуде.

«Қазақстан мен Әмірліктер арасындағы қарым-қатынас ерекше сипатқа ие. Біз ағымдағы ынтымақтастығымыздың шеңберімен шектелмей, жаңа сапалы деңгейге көшуіміз керек. Мұны жүзеге асыру үшін бізде барлық мүмкіндіктер бар», - деп мәлімдеді Шейх Мансур бен Заид Әл Нахаян.

 

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив