Сыртқы істер министрлігінде Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы 2-ші Бас Ассамблеясының қорытындыларын талқылады

Сыртқы істер министрлігінде Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы 2-ші Бас Ассамблеясының қорытындыларын талқылады

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер және Ауыл шаруашылық министрліктері, Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымы (АҚИҰ) өкілдерінің қатысуымен ҚР Сыртқы істер министрлігінде АҚИҰ 2-ші сессиясының нәтижесі туралы брифинг өтті.

Аталған брифингте ҚР Ауыл шаруашылығы Вице-министрі Гүлмира Исаева Ұйымды институционализациялауға байланысты рәсімдер аяқталғанын мәлімдеді. Қазіргі таңда Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына мүше 56 елден 34 мемлекет АҚИҰ құрамына кіреді.

Ұйым қызметінің одан әрі стратегиялық көрінісі әзірленді, басым міндеттері айқындалды, сондай-ақ оның одан әрі институционалдық қалыптасуына байланысты құжаттар әзірленді.

АҚИҰ Бас директоры Ерлан Байдаулет маңызды институционалдық мәселелерді қамтитын 16 қарар бірауыздан қабылданғанын атап өтті. АҚИҰ-ның бастамасы ретінде ИЫҰ-ға мүше мемлекеттердің азық-түлік қауіпсіздігі туралы мәліметтер базасын құру ұсынылды.

Сонымен қатар, сессия барысында Ұйымның бюджетті қарастырылды, персоналды басқарудың процедуралық ережелері, қаржылық ережелері мен қағидалары бекітілді, АҚИҰ-ның 5 жылдық іс-қимыл жоспары, агроөнеркәсіптік кешендегі 3 жылдық инвестициялық бағдарлама қабылданды, АҚИҰ-ның жаңа логотипі бекітілді. АҚИҰ-ға мүше 34 ел үшін есептелген жарна шкаласы қабылданды.

Бас Ассамблеяның 2-ші сессиясында АҚИҰ-ға мүше елдердің ресурстары және қолда бар мүмкіндіктерінің арқасында ұйымның ішінде оларды шешу мүмкіндігін ескере отырып, АҚИҰ-ның күш-жігері көпшілік үшін ортақ мәселелерге арналды.

Г.Исаеваның айтуынша, жаһандық агро азық-түлік саудасы шеңберінде бидай азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, әсіресе импортқа тәуелді аймақтарда маңызды рөл атқарады.

Ислам Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдер жыл сайын әлемдік бидай импортының шамамен 20-25%, ал ұнның 70% құрайды. Сарапшылар қауымдастығының пікірінше, 2050 жылға қарай ислам елдерінің халқы шамамен 3 млрд. адамды құрайды, яғни жер шарындағы барлық халықтың үштен бірі. Сондықтан, ислам елдерінде халық санының қарқынды өсуі мен ИЫҰ-ға мүше елдердің бидай мен ұн импортының тұтыну динамикасы да сәйкесінше өседі.

Сондықтан, қазақстандық делегация АҚИҰ Бас ассамблеясының барысында мүше мемлекеттерде өндірілген астық дақылдары өзара саудасының кезең-кезеңімен өсуін қамтамасыз ету үшін АҚИҰ-ға мүше елдердің қажеттіліктерін қанағаттандыруға серпін тигізу мақсатында Астық Қорын құру процесі туралы бастаманы ұсынды.

ҚР СІМ-нің Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі Қайрат Лама Шариф АҚИҰ Бас Ассамблеясы барысында соңғы қабылдаған қорытынды құжатта қатысушылар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Назарбаевтың мұсылман әлеміндегі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлін жоғары бағалағанын атап өтті.

Бас Ассамблеяның қатысушылары сонымен қатар, ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен құрылған, штаб-пәтері Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан АҚИҰ-ның іске қосылуы ИЫҰ елдерінің агроөнеркәсіптік кешенінің дамуына оң әсерін тигізіп, жалпы мұсылман елдерінің азық-түлік инфрақұрылымды интеграциялау, инвестициялар мен экспортты тарту үшін қолайлы жағдай тұғызатынын атап өтті.

 

Қазақстан Республикасы

Сыртқы істер министрлігінің

баспасөз қызметі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив