«C5+1» диалогы Орталық Азия мен АҚШ-тың өңірлік ынтымақтастығының маңызды құралы болып қала береді

«C5+1» диалогы Орталық Азия мен АҚШ-тың өңірлік ынтымақтастығының маңызды құралы болып қала береді

Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан Сыртқы саяси ведомствосының басшысы Бейбіт Атамқұлов, Түрікменстанның Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – Сыртқы істер министрі Рашид Мередов, Қырғызстанның сыртқы саяси ведомство басшысы Чингиз Айдарбеков, Тәжікстанның - Сироджиддин Мухриддин, Өзбекстанның - Абдулазиз Камилов және АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Дэвид Хейлдің қатысуымен жоғары деңгейдегі «С5+1» кездесуі өтті.

Жоғары деңгейдегі кездесуде Қазақстан сыртқы саяси ведомствосының басшысы «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның сыртқы саясатындағы Орталық Азия векторының іргелі басымдығын қалағанын» атап өтті.

Министрдің айтуынша, «Елбасы бағыты сабақтастығының мызғымастығы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың аймақтық стратегиясы негізінде жатыр. Бізді көршілерімізбен аймақтық саяси, экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықтың қарқынды дамуы шабыттандырады». Сондай-ақ біздің өңіріміздің екіжақты және көпжақты форматтары барысында қол жеткізілген барлық бастамалар мен уағдаластықтарды сапалы жүзеге асыруға Қазақстанның қызығушылығы атап өтілді.

«С5+1» өткен кездесуде сауда байланыстарын одан әрі кеңейту, инвестицияларды тарту және өңірдегі көпжақты экономикалық жобаларды іске асыру мүмкіндіктері талқыланды. Тараптар Орталық Азияның инфрақұрылымын және транзиттік-көліктік әлеуетін бірлесіп дамытуға үлкен қызығушылық білдірді.

Қауіпсіздік саласында кездесуге қатысушылар өңірлік тәсілді талап ететін сын-қатерлер мен қауіптердің кең кешенін қарастырды. Оның ішінде Ауғанстанды қалпына келтіруге көмек көрсету, сондай-ақ Сирия мен Ирактағы ұрыс қимылдары аймағынан оралған азаматтарды қайта оралу және оңалту бойынша тәжірибе алмасу мәселелері бар.

Нұр-Сұлтан қаласына сапары аясында АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Д. Хейлді ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин, ҚР Сыртқы істер министрі Б. Атамқұлов және ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қорының Атқарушы директоры Әсет Исекешев ҚР мен АҚШ-тың екіжақты және халықаралық ынтымақтастығының өзекті мәселелерін талқылау үшін қабылдады.

«С5+1» форматы Орталық Азияның бес елі мен АҚШ арасындағы өзара іс-қимылдың көпжақты тетігі болып табылады. Диалогтың негізгі тақырыптары Экономикалық даму, өңірлік ынтымақтастық және қауіпсіздік мәселелері болып табылады. Алты елдің сыртқы саяси ведомстволары басшыларының қатысуымен алғашқы отырыс 2015 жылғы 1 қарашада Самарқанд қаласында өтті.

 

Қазақстан Республикасы

Сыртқы істер министрлігінің

баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив