Қазақстан мен Ұлыбритания стратегиялық ынтымақтастыққа бейімділігін растайды

Қазақстан мен Ұлыбритания стратегиялық ынтымақтастыққа бейімділігін растайды

НҰР-СҰЛТАН, 2019 жылғы 8 тамыз – Британдық тараптың бастамасымен Қазақстан Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов пен Ұлыбритания Сыртқы істер министрлігінің Еуропа және Америка істері жөніндегі Мемлекеттік министрі Кристофер Пинчердің телефондық сұхбаты орын алды.

Министр британдық саясаткерді оның жақындағы тағайындалуымен құттықтап, британдық Үкімет пен Сыртқы істер министрлігінің жаңа басшылығымен конструктивті қарым-қатынастардың одан әрі дамуына қызығушылықты атап өтті.

Тараптар екі мемлекет арасындағы стратегиялық ынтымақтастықтың одан әрі нығайту мен кеңейтуіне өзара қызығушылығын растап, алдағы мерзімде жоғары деңгейдегі өзара сапарлар мен іс-шараларды ұйымдастыру бойынша жоспарларды қарастырды. Атап айтқанда, күзде Сыртқы істер министрлері деңгейіндегі стратегиялық диалогтың және Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның отырыстары, сондай-ақ ү.ж. қазанда Лондонда «Kazakhstan Global Investment Forum - 2019» инвестициялық форумы жоспарлануда.

Сұхбаттасушылар екіжақты ынтымақтастықтың экономикалық жағын күшейту, қаржы және логистика салаларындағы серіктестікті кеңейту үшін Қазақстанның транзиттік-көліктік әлеуетін және «Астана» Халықаралық қаржы орталығының мүмкіндіктерін барынша тиімді қолданудың қажеттілігін атап өтті.

Мәдени-гуманитарлық және білім саласындағы ынтымақтастықты нығайту, оның ішінде қазақстандық жастар үшін Ұлыбританияның жоғары және орта оқу орындарында білім алу, сондай-ақ екі елдің жоғары оқу орындары арасындағы өзара ықпалдастықты арттыру маңыздылығы атап өтілді.

Ұлыбритания тауар айналымы бойынша Қазақстанның ең ірі сауда серіктестерінің ондығына кіреді. 2018 жылы екіжақты сауда 1,2 млрд. АҚШ долларын құрады. Сонымен қатар, Ұлыбритания Қазақстанның алты ең ірі инвесторлары қатарына кіреді. 2005-2018 жж. тікелей шетел инвестицияларының құйылымы 13 млрд. АҚШ доллар құрады. Қазақстанда британдық қатысумен 800-ден аса компаниялар тіркелген. Алдында үстіміздегі жылы Қазақстанға Ұлыбритания Сыртқы істер министрлігінің Еуропа және Америка істері жөніндегі Мемлекеттік министрі Алан Данкан және Ұлыбритания Премьер-Министрінің Қазақстан бойынша сауда уәкілі Баронесса Эмма Николсон сапармен келіп кетті.

 

Қазақстан Республикасы

Сыртқы істер министрлігінің

баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив