Мәжілісте ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында әскери кадрларды даярлауға арналған отырыс өтті

Мәжілісте ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында әскери кадрларды даярлауға арналған отырыс өтті

Парламент Мәжілісінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында әскери кадрларды даярлауға арналған Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің тақырыптық отырысы өтті.

Комитет төрағасы Мұхтар Ерман ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында әскери кадрларды даярлау Киберқауіпсіздік тұжырымдамасы (Қазақстанның Киберқалқаны)  мен Елбасының тапсырмаларын іске асырудың маңызды бөлігі екенін айтты.

Тақырып бойынша Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-майор Муслим Алтынбаев баяндама жасады. Ал, Қорғаныс министрлігінің Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты Ақпараттық қауіпсіздік кафедрасының бастығы Андрей Кочешков, болашақ офицерлерді дайындау бойынша оқу процесінің, әскери оқу орнының әдістемелік және материалдық-техникалық тұрғыдан жабдықталуының ерекшеліктері, сонымен қатар оқытушы құрамының деңгейі жөнінде хабардар етті.         

Талқылау барысында киберқауіпсіздік саласындағы заманауи қауіптер мен қатерлерге оқу бағдарламаларын дағдылау, озық жабдықтар мен бағдарламалық өнімдермен қамтамасыз ету қажеттілігі, әлемнің жетекші әскери мекемелеріне әскери мамандар мен курсанттарды тәжірибе алмасу үшін жіберуге қатысты шешімін таппаған мәселелер әңгіме өзегіне айналды. Шараға Мәжіліс депутаттары, Қорғаныс, Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі, Білім және ғылым министрліктері, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, әскери және азаматтық жоғарғы оқу орындары мамандандырылған факультеттерінің басшылары қатысты.

 

ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив