Қазақстан Республикасының Елшісі БАӘ Вице-Президентіне Сенім грамотасын тапсырды

Қазақстан Республикасының Елшісі БАӘ Вице-Президентіне Сенім грамотасын тапсырды

Абу-Дабидегі Президент сарайында Қазақстан Республикасының жаңадан тағайындалған Елшісі Мадияр Меңілбековтің Біріккен Араб Әмірліктері Вице-Президенті, Премьер-Министрі, Дубай әмірлігінің билеушісі шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактумға Сенім грамотасын тапсыру салтанатты рәсімі өтті.

          Екіжақты кездесу барысында Елші Қазақстан-Әмірліктер қарым-қатынастары қазіргі таңда жоғары белсенділігімен және мемлекетаралық диалогтың тиімділігімен ерекшелетінін атап өтіп, «екі ел арасында дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылғалы бері саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және әскери байланыстардың қарқынды дамып жатқанына» назар аударды.

         Осы ретте, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың жекелеген өзекті бағыттары, оның ішінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2017 жылғы қаңтардағы және 2018 жылғы наурыздағы Біріккен Араб Әмірліктеріне жасаған сапарларының қорытындылары, сондай-ақ жоғарғы деңгейдегі іс-шаралар жоспарына қатысты мәселелер аталып өтілді.

         Шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактум қазіргі екіжақты әріптестік деңгейіне жоғары баға беріп, әмірліктер тарапының өзара тиімді, дәстүрлі достық байланыстарды әрі қарай нығайтуға әзірлігін растады. Сондай-ақ ол Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа ыстық лебіздерін білдіріп, жаңа тағайындалған Елшіге Қазақстан-Әмірліктер қатынастарын тереңдету жолындағы жұмысына сәттілік пен мол табыс тіледі.      

 

Қазақстан Республикасы

Сыртқы істер министрлігінің

баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив