Қазақстан мен Финляндия экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Қазақстан мен Финляндия экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Қазақстан-Финляндия Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының 11-ші отырысы аясында Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан-Фин бизнес және инвестициялық дөңгелек үстел өтті.

Бұл іс-шара 2018 жылғы қазандағы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Финляндия Республикасына ресми сапарының іс жүзіндегі жалғасы.

Дөңгелек үстел жұмысына Финляндияның Сыртқы сауда және даму министрі Анна-Мари Виролайнен, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермек Көшербаев, сондай-ақ екі елдің іскер топтарының 40-тан астам өкілдері қатысты.

Сыртқы саясат ведомствосы басшысының орынбасары Е. Көшербаев отырысты ашып, инвестицияларды тарту механизмі, инвестициялық климат, шетелдік инвесторларға арналған салықтық жеңілдіктер туралы айтты.

«Елбасы инвестицияларды тарту мәселесіне жеке назар аударады, бүгінгі күні Қазақстанда инвесторларға барлық жағдай жасалып, инвестициялық климатты жетілдіру бойынша жұмыстар ұдайы түрде жүргізілуде. 2018 жылғы желтоқсан айында инвестицияларды тарту функциясы біздің министірлікке жүктелді. Қазіргі кезде «шетелдік кәсіпорындар-орталық-аймақ» форматында кешенді экожүйені қалыптастыру жұмыстары басталды», - деді Е. Көшербаев.

Іс-шара барысында «Kazakh Invest» ҰҚ» АҚ, «Kazakh Export» Экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ, «KaukoInternational», «Finnish Water Forum», «AINS», «Nurminen Logistics» секілді компаниялардың жетекшілері өз таныстырылымдарын ұсынды.

Екі ел арасындағы тауар айналымы 2018 жылы шамамен 247 миллион АҚШ долларды құрады. Өткен жылы Қазақстаннан Финляндияға 115,7 млн. долларға тауар экспортталған. Негізгі экспорттық өнімдер - шикі мұнай, көмір, көмір шикізатын айыру өнімдері, қозғалтқыштар мен күштік станциялары, жүк машиналары, жер жұмыстарына арналған машиналары және жол-құрылыс техникасы.

Қазақстанға Финляндиядан 2018 жылы импорт көлемі 131,6 млн. АҚШ долларын құрады. Негізгі тауарлар: мұнай өнімдері, қағаз, дәрі-дәрмек пен сутек пероксиді.

Шара нәтижесінде «ТҮКШ жаңғырту қазақстандық орталығы» АҚ,  «ТЭЖҒЗО типтік және эксперименталды жобалау ғылыми-зерттеу институты» ЖШС және «AINS Group» арасындағы меморандумға қосымша үшжақты келісімге қол қою рәсімі өткізілді.

Финляндия Солтүстік Еуропа мен Еуро Одақтағы Қазақстанның негізгі әріптестерінің бірі болып табылады. Екі ел арасындағы қарым-қатынастар саяси диалогтың жоғары динамикасымен, экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту үшін үлкен әлеуетімен сипатталады.

 

Қазақстан Республикасы

Сыртқы істер министрлігінің

баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

3 пікір

  1. аватар
    Jarred 13 октября 2023 16:55

    Thanks for your personal marvelous posting! I genuinely
    enjoyed reading it, you happen to be a great author.
    I will ensure that I bookmark your blog and will eventually come
    back in the foreseeable future. I want to encourage that you
    continue your great work, have a nice holiday weekend!


    Also visit my site furedan en venta libre en Bolivia

  2. аватар
    Rayford 8 февраля 2024 17:37

    My partner and I stumbled over here by a different web address and
    thought I may as well check things out. I like what I see so now i'm
    following you. Look forward to looking into your web page repeatedly.


    Review my blog post - Lamar

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив