Қ. Әбдірахманов британдық дипломаттармен ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады

Қ. Әбдірахманов британдық дипломаттармен ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады

Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Орталық Азия елдеріндегі британдық елшілермен екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты дамыту үшін жаңа мүмкіндіктерін талқылады.

Ү.ж. 29-31 қазан аралығында Астанада өтіп жатқан Ұлыбританияның Дипломатиялық миссиялары мен Форин-офистің тиісті бөлімшелері басшыларының форумы жыл сайын Орталық Азия елдерінің әрқайсысында кезекпен өткізіледі.

Кездесу барысында Ұлыбританияның Қазақстан мен аймақтың елдері арасындағы қарым-қатынастарының жай-күйі мен перспективалары туралы пікір алмасылды, сондай-ақ өзара мүдделі барлық салаларында ынтымақтастықты нығайту жөнінде ниеті расталды.

Еліміздің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі тұрақты емес мүшелігі, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық және аймақтық бастамаларын куәландыратын кеңінен талқыланып жүрген Қазақстанның Орталық Азиядағы рөліне ерекше назар аударылды.

Аймақтағы экономикалық процестер және Казақстан экономикасына шетелден тікелей инвестициялар тарту динамикасы Британдық дипломаттардың үлкен қызығушылығын тудыруда.

Осыған орай, сыртқы саясат мекемесінің басшысы британ елшілерін Елбасының жуырда Брюсселде өткен Еуропа мен Азия саммитінде жасаған баяндамасымен және алпауыт елдердің арасындағы сенім орнатуға және келіспеушілектерді жоюға бағыттылған қадамдармен таныстырды.

Сыртқы істер министрі Ұлыбританияның халықаралық аренадағы белсенді рөлін және екі елдің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі аясындағы тиімді ынтымақтастығын атап өтті. Қарым-қатынастарды дамытуда жоғары деңгейдегі тұрақты байланыстар және Астана мен Лондон арасындағы тұрақты саяси диалогты қалыптастыру маңызды рөл орын алады. Мысалға, Брюссельде өткен АСЕМ саммитінің шеңберінде Президенті Нұрсултан Назарбаев Ұлыбританияның Премьер-министрі Тереза Мэймен әңгімелескен.

Өңірлік даму контекстінде Қазақстан тарапы Еуразиялық экономикалық одақ аясында экономикалық интеграцияның және Қазақстан мен Орталық Азияның ірі серіктестері – Ресей және Қытаймен тату көршілік қатынастарды дамытудың маңызды рөлін атап өтті. Осыған байланысты Еуразиядағы экономикалық ынтымақтастық барысына теріс әсер етіндіктен, блоктық ойлаудан және санкциялық текетірестен аулақ болу қажет деген пікір айтылды.

Британдық технологиялар мен сараптаманы Орталық Азия елдерінде «Белдеу мен жол» бастамасы, сонымен қатар басқа да инвестициялық және инфрақұрылымдық бағдарламалармен бірлесіп жүзеге асырылатын жобаларды орындауды кеңінен қолданудың ерекше перспективалары атап өтілді.

Жалпы алғанда, тараптар инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдету үшін маңызды әлеует бар екенін атап өтті. Ұлыбритания Қазақстанның сауда айналымы бойынша он ірі сауда серіктестерінің қатарына кіреді (2017 ж. тауар айналымы 1,28 млрд. АҚШ доллары, ал 2018 ж. қаңтар-шілде кезеңінде 743,4 млн. долл. құрады). Бұл мемлекет Қазақстандағы алты ірі инвесторлардың қатарына кіреді. 2005 ж. бастап британдық тікелей инвестициялардың ағымы 12 млрд. доллардан асты. Қазақстанда британдықтардың қатысуымен 600-ден астам компаниялар бар.

 

Қазақстан Республикасы

Сыртқы істер министрлігінің

баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив