Банктер ескі 1000 теңгені айырбастауды тоқтатады

Банктер ескі 1000 теңгені айырбастауды тоқтатады

Айналымдағы 1000 теңгелік естелік банкноттар заңды төлем құралы болып саналады

АСТАНА, 23 ақпан — Sputnik. 2018 жылдың 1 наурызынан бастап екінші деңгейлі банктер 2006 жылғы үлгідегі 1000 теңгелік банкноттарды айырбастауды тоқтатады, деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

Бірақ ескі үлгідегі банкноттарды Ұлттық банктің филиалдарында 2021 жылдың 28 ақпанына дейін айырбастауға болады. 

Ұлттық банктің ақпаратынша, айналымда жүрген номиналы 1000 теңгелік естелік банкноттар заңды төлем құралы болып саналады. 

"ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес айналыстағы банкноттарды қабылдаудан бас тарту шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың банкноттарды қабылдаудан, ұсақтаудан және айырбастаудан бас тартуы елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады", — делінген хабарламада.


Read more: sputniknews.kz

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив