Парламент Елбасы туралы Конституциялық заңның күшін жойды

Парламент Елбасы туралы Конституциялық заңның күшін жойды

Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының күшi жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңын қабылдады. Аталған заңға Мәжілістің бір топ депутаты бастамашы болды. Заң жобасын қарау Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановтың төрағалығымен екі оқылымда өтті. Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров баяндамасында 2022 жылы өткен жалпыхалықтық референдумда қазақстандықтардың 77 пайызы Конституцияға өзгерістер енгізуді қолдап, дауыс бергенін еске салды. Ата заңға енгізілген түзетулерге сәйкес Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мәртебесі мен өкілеттігі Республика Конституциясымен және конституциялық заңмен айқындалады деген норманы көздейтін Конституцияның 46-бабы 4-тармағы алынып тасталды. «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобы аталған мәселеге қатысты Конституциялық Сотқа жүгінді. Конституциялық Сот «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы мәртебесі» жөніндегі заңның еліміздің жаңа Ата-Заңына  сәйкес келмейтіндігі жөнінде шешім шығарды», – деді Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров. Сондай-ақ Е.Саиров Қазақстанның демократия мен плюрализмге бет алып, түбегейлі саяси трансформация кезеңінде жеке топтардың билікті меншіктеуге апаратын тетіктерге жол бермеу маңызды екенін атап өтті. Отырыс барысында Парламент Мәжілісі мен Сенатының Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеттерінің төрағалары Арман Қожахметов пен Владимир Волков қосымша баяндама жасады. Айта кетейік, 2023 жылғы 10 қаңтарда Конституциялық Сот қазіргі уақытта «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» заңды сақтауға құқықтық негіздер жоқ екенін мойындай отырып, Конституциядан 46-баптың 4-тармағын және өзге де нормаларды алып тастау туралы нормативтік қаулы қабылдаған болатын. Осыған байланысты аталған заңның күші жойылды.

https://www.parlam.kz/kk/mazhilis/news-details/id49920/1/15

  

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив