Жүрек Орталығының дәрігерлері респираторлық қолдау бойынша нұсқаушыларына арналған халықаралық тренингті аяқтады

Жүрек Орталығының дәрігерлері респираторлық қолдау бойынша нұсқаушыларына арналған халықаралық тренингті аяқтады

2022 жылдың 11-15 шілдесі аралығында Жүрек Орталығында респираторлық қолдау бойынша нұсқаушылар үшін симуляциялық курс өткізілді. Тренингке клиниканың ересектер мен балалар анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімдерінің меңгерушілері мен дәрігерлері қатысты. Қызметкерлер әртүрлі әлемдік брендтердің өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппараттары арқылы пациенттерді респираторлық қолдаудың заманауи тәсілдерімен танысты және манекендерде симуляциялық сценарийлерді пысықтады.

Тренингті GISP педиатриядағы симуляция бойынша халықаралық тобының үйлестірушісі, Дмитрий Рогачев атындағы Балалар гематологиясы, онкология және иммунология ұлттық медициналық зерттеу орталығының аккредиттеу және симуляция бөлімінің басшысы Уго Лоайса жүргізді. Оқыту барысында дәрігерлер теориялық бөліммен танысты, пациенттерде тыныс алу жеткіліксіздігі кезіндегі ӨЖЖ аппараттары режимдерінің параметрлері мен сыныптамаларын зерттеді. Курсқа қатысушылар алған білімдерін оқытудың практикалық бөлігінде бекітті, оның барысында нақты жағдайлар режимінде медициналық аппаратура мен жабдықтар қолданылды. Тренинг соңында манекендердегі күрделі клиникалық жағдайлардың симуляциялық сценарийлері пысықталды. Оқытудың бұл тәсілі мамандарды пациенттерді басқаруда жедел және тиімді шешім қабылдау үшін дайындауға көмектеседі.

«Бұл курс белсенді форматта, талқылаулармен және сапалы кері байланыспен өтті. Артықшылығы - клиникалық мәселелерді шешуде жаңа білімді қолдану және дағдыларды клиникада тікелей дамыту мүмкіндігі болды. Операциялар кезінде және операциядан кейінгі қалпына келтіру кезінде өкпені жасанды желдету аппараттары пациенттердің орнына тыныс алуды қолдайды. Сондықтан, пациенттердің жағдайына байланысты жабдықтың параметрлерін реттей білу, олардың тез сауығуы үшін маңызды», - деп бөлісті Жүрек Орталығының анестезиология бөлімінің клиникалық-академиялық директоры Айдын Қуанышбек.

Респираторлық қолдауды оқыту әдістемесі симуляциялық тренингтер өткізуге білікті нұсқаушыларды дайындауға және олардың кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған. Курс аяқталғаннан кейін қатысушылар GISP педиатриядағы симуляция бойынша халықаралық тобының нұсқаушы ретінде курстарды өткізу құқығын беретін халықаралық сертификаттарын алды. Айта кетейік, Жүрек Орталығының мамандары өз оқу базасын құрып, клиникада респираторлық қолдау бойынша осындай тренингтер өткізуді жоспарлап отыр.

Жүрек Орталығының баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив