ҚР БҚДА: Кәріз кабельдеріне провайдерлер қалай қол жеткізеді?

ҚР БҚДА: Кәріз кабельдеріне провайдерлер қалай қол жеткізеді?

Биыл шілде айының басында Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің жанындағы Телекоммуникациялар саласында бәсекелестікті дамыту мәселелері жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Онда ҚР БҚДА-ның бастамасы бойынша қауымдастықтар, байланыс операторларымен бірлесіп әзірленген жерасты кабельдер жүйесін пайдалануға беру қағидаларына енгізілген түзетулер пысықталды. Отырысқа Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин және нарықтағы мүдделі мамандар қатысты.

Түзетулердің мақсаты - байланыс провайдерлерінің жерасты кабельдеріне кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз етіп, тұтынушыларға интернет тарататын компанияларды емін-еркін таңдауға мүмкіндік беру.

Өзгерістер аясында нарық мүшелері арасында өтініштерді жедел қарап,  шарттарды тездетіп жасасуға және мүдделі компаниялар арасында өзара іс-қимыл регламентін құру мерзімдерін шектеу мәселесі де қамтылған. Сондай-ақ ең басты норма – жаңадан салынған кәріз кабель жүйесін жалға беру ісі конкурстық негізде өтеді. Бірақ, жерасты интернет сымдарының негізгі иесі болып мемлекеттік органдар мен ұйымдар қала береді.

Сондай-ақ енді өзгерістер құрамына кәріз кабельдеріне қол жеткізе алмағандардың шағымдарымен жұмыс істеудің жаңа тәртібі енді. Мұндай жағдайға тап болған өтініш беруші уәкілетті органға, яғни еліміздің Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне шағым түсіреді алады. Оның нәтижесінде байланыс саласындағы сарапшылардық қатысуымен техникалық аудит тексерістері де тағайындалады. Сондықтан уәкілетті органның жанынан кәріз кабельдері жөніндегі комиссия құру ұсынылады, оның құрамына жауапты министрлік, «Мемлекеттік радиожиілік қызметі» РМК, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері, байланыс операторлары енеді.

Аталған өзгерістер ЦДИАӨМ тарапынан қолдау тапты, оларды осы жылдың соңына дейін Қағидаларға енгізу жоспарланып отыр. Бүгінгі күні өзгерістер енгізу туралы бұйрық жобасы мемлекеттік органдармен келісу кезеңінен өтіп жатыр. 

https://ortcom.kz/kk/novosti/1657258540 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив