Мәжілісте «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заң жобасының таныстырылымы өтті

Мәжілісте «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заң жобасының таныстырылымы өтті

Парламент Мәжілісінде Ұлттық экономика вице-министрі Абзал Әбдікәрімов «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының жекелеген тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын таныстырды.

Оның айтуынша, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңға енгізілетін түзетулер тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден мемлекеттік сатып алу негіздерін қысқартуды көздейді.

«Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы» Заңда «Самұрық-Қазына» қорының сатып алу тәртібін Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен келісу міндеттілігі заңнамалық тұрғыдан бекітіледі. Қордың бәсекеге қабілетсіз сатып алуын қысқарту үшін холдингішілік кооперация шеңберінде сатып алу тәсілі алып тасталады.

Бірқатар түзетулер бюджетаралық қатынастарды одан әрі реформалауға бағытталған. Мемлекет Басшысының тапсырмаларын орындау аясында ҚР ҰЭМ осы бағытта белсенді жұмыс жүргізуде.

Бұдан басқа, мемлекеттік-жекешелік әріптестікті кешенді қайта жаңғырту жоспарлануда.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бақылауды күшейту шеңберінде мемлекеттік-жекешелік әріптестікті жобаларын жоспарлау және іске асыру процесінің ашықтығы мен айқындығы қағидатын енгізу ұсынылады», - деді вице-министр.

Жанар-жағар май саласын реформалау блогы бойынша көтерме жеткізушілерге қойылатын талаптарды қатаңдату жолымен мұнай өнімдерін өткізу кезінде өнімсіз делдалдарды алып тастауды көздейтін түзетулер ұсынылады.

Бұдан басқа, Заң жобасында мемлекеттік органдардың кейбір функцияларын Сауда және интеграция министрлігіне беру ұсынылады.

«Атап айтқанда, Ауыл шаруашылығы министрлігінің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларының мониторингі және әлеуметтік маңызы бар тауарлардың тізбесін әзірлеу бойынша, жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесінің мөлшерінің, сыйақы мөлшерінің сақталуын бақылау жөніндегі жұмысын ұйымдастыру бойынша функциялары», - деп қорытындылады Ұлттық экономика вице-министрі. 

https://ortcom.kz/kk/novosti/1655873411 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив