Қазақстандық телеарналар Әзербайжанда көрсетіледі

Қазақстандық телеарналар Әзербайжанда көрсетіледі

Бакуде өтіп жатқан IX Жаһандық Баку Форумы аясында Әзербайжан аумағында Қазақстан телеарналарын көрсету мүмкіндігі сөз болды, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің төрағасы Қанат Ысқақов Әзербайжан Республикасы Медиа даму агенттігінің Бас директоры Ахмед Исмаиловпен кездесіп, тараптар ақпарат саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін сөз етті.

Атап айтқанда, Әзербайжан аумағында қазақстандық телеарналарды көрсету, балалар анимациялық контентін дистрибуциялау және алмасу, сондай-ақ бірлескен медиа жобаларды іске асыру мүмкіндігі қарастырылды. Кездесу қорытындысында тараптар талқыланған жобаларды іске асыру бойынша бірлескен жұмыс тобын құруға келісті.

Қазақстан өкілі Әзербайжан тарапын Орта Азияның медиа саласындағы ең ірі іс-шара – Astana Media Week-ке қатысуға шақырды.

Айта кетсек, IX Жаһандық Баку Форумында ковид пандемиясынан кейінгі геосаяси ландшафтты қалыптастыру, СOVID-19-дың орта білім мен болашаққа әсері, климаттық құбылыстар, ғылым, технология және инновация, сондай-ақ экономиканың жаһандық қайта құрылуы және басқа да мәселелер талқыланады. 

https://ortcom.kz/kk/novosti/1655726541 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив