Е. Қошанов түркі мемлекеттері Парламенттерінің жастар тобымен кездесті

Е. Қошанов түркі мемлекеттері Парламенттерінің жастар тобымен кездесті

Мәжіліс Спикері, ТүркПА-ның іс басындағы төрағасы Ерлан Қошанов жастар қанатының алғашқы отырысына қатысуға келген Жас парламентарийлермен кездесті.  Мәжіліс Төрағасы өз сөзінде Қазақстан бастамасымен құрылған Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының маңыздылығына және түркі мемлекеттерінің ынтымақтастығын тереңдету жолында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Е. Қошанов биыл елдеріміз арасында дипломатиялық қатынастың орнағанына 30 жыл толғанын айтып: - қазіргі уақытта біздің мемлекеттер басшыларының күш-жігерінің арқасында елдер арасындағы қатынастар барлық салаларда өте жоғары деңгейде дамуда. Қазақстан президенті Қасым - Жомарт Кемелұлы Тоқаев түркі мемлекеттерімен ынтымақтастықты нығайтуға ерекше көңіл бөледі, - деді.

Мәжіліс Төрағасы түркі елдері арасындағы тығыз байланысты тереңдетуде Парламенттердің рөлінің зор екенін алға тартып, жас парламентарийлер тобының құрылуы және олардың алғашқы отырысы түркі тамырластығы үшін тарихи оқиға деп бағалады. Ерлан Қошанов жас депутаттарды Қазақстанда жүргізіліп саяси өзгерістер мен жақында өткен Республикалық референдумның маңыздылығы туралы хабардар етті.

Жүздесуде әзербайжандық және түркиялық жас депутаттар сөз алып, жоғары деңгейдегі кездесу үшін ыстық ықыластарын білдіре келіп, елдеріміз арасындағы ынтымақтастық үшін жастық жігерлерін аяямайтындықтарын жеткізді.

Жастар тобы алғашқы кездесулерінде «Балалар мен жастар – ақпараттық технология дәуіріндегі түркілердің болашағы» тақырыбында кең көлемде талқылау өткізбек.

https://ortcom.kz/kk/novosti/1655703048 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив