Қазақстан СІМ басшысы БҰҰ басшылығымен кездесулер өткізді

Қазақстан СІМ басшысы БҰҰ басшылығымен кездесулер өткізді

 БҰҰ Бас Ассамблеясының 76-сессиясына қатысу шеңберінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен кездесіп, ол Ауғанстанға жәрдемдесу жөніндегі БҰҰ миссиясының қашықтағы кеңсесін Алматыда орналастыру туралы шешім қабылдағаны үшін Қазақстан Президентіне алғысын білдірді. Ол біздің еліміз тұрақтылықтың символы және көпжақтылықты ұстанудың үлгісі болып табылатынын ерекше атап өтті.

«Қазақстанның бұл шешімін біз тек көмек ретінде қана бағаламаймыз. Сіз БҰҰ мен Қазақстан арасындағы тамаша қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға ықпал ететін дипломатиялық бауырластықтың шынайы рухын көрсеттіңіз», - деді А.Гутерриш. Өз кезегінде Министр Президент Қ.Тоқаевтың БҰҰ-ның Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттігін құру жөніндегі бастамасының іске асырылу барысы туралы егжей-тегжейлі хабардар етті.

Сол күні Министр БҰҰ Бас хатшысының орынбасары - Контртеррористік басқарма басшысы Владимир Воронковпен келіссөздер жүргізді. Қазақстандық тарап Ауғанстандағы террористік қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл бойынша олардың әлеуетін нығайту үшін Орталық Азия өңірі елдеріне техникалық жәрдемдесу бағдарламалары туралы хабардар етілді.

БҰҰ Бас хатшысының саяси мәселелер және әлем құрылысы жөніндегі орынбасары Розмари Дикарломен кездесуде жаһандық және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шаралар мен бірлескен күш-жігер талқыланды.

М.Тілеуберді БҰҰ Бас Хатшысының қарусыздану мәселелері жөніндегі орынбасары Изуми Накамицу және Жаһандық коммуникациялар жөніндегі орынбасары Мелисса Флемингпен бірге БҰҰ штаб-пәтерінде Семей ядролық сынақ полигонының тарихи жабылуы туралы тұрақты экспозицияның ашылуына қатысып, Президент Н.Назарбаевтың полигонды жабу 1991 жылғы 29 тамыздағы Жарлығының көшірмесін сыйға тартты.

Сонымен қатар, Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосының басшысы Филиппин Сыртқы істер министрі Теодоро Локсин және Кипрдің Сыртқы істер министрі Никос Кристодулидеспен кездесіп, сондай-ақ бейнеконференцбайланыс режимінде АҚШ-тың USAID Халықаралық даму агенттігінің әкімшісі Саманта Пауэрмен келіссөздер жүргізді.

Қазақстан Республикасы

Сыртқы істер министрлігінің

баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

7 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив