Nur Otan-да жыл басынан бері 22 мың азаматқа қабылдау өткізілді

Nur Otan-да жыл басынан бері 22 мың азаматқа қабылдау өткізілді

Жыл басынан бері «Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 116 мыңнан астам өтініш түсті. Депутаттар мен мемлекеттік органдардың басшылары 22 мыңнан астам азаматты қабылдады. Өтініштердің 97%-ы шешілді, консультативтік, құқықтық және өзге де көмек көрсетілді. Оның 3%-ы орындалуда.
Партияның баспасөз қызметінің мәліметінше, тұрғындар «Nur Otan» партиясына түрлі мәселелермен келеді. Олардың арасында сумен жабдықтау желілерін, жолдарды жөндеу, әлеуметтік нысандарды жаңғырту және т.б. бар. Өңірлерде қоғамдық кеңестер желісі бойынша түскен 4600 өткір әлеуметтік мәселе партиялық бақылауға алынды. 
Мәселен, Жамбыл облысында Қаратөбе ауылдық округінің тұрғындары бірнеше жыл бойы бұзылған су құбырынан зардап шеккен. Егер жазғы уақытта судың бір бөлігі жерге ағып кетсе, күн суыта бастаса су жақын маңдағы тас жолға ағып, мұзға айналып, көптеген жол апатын тудырады. Бұл мәселені шешуді жаңадан сайланған Қаратөбе қаласының әкімі, нұротандық Ғамзат Сағымбеков қолға алды. Санаулы күндерде су құбыры жөнделіп, жол кеңейтіліп, жаңа жол төселді.
Алматы облысында нұротандықтар жаяу жүргіншілер көпірі жарамай қалған Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылының тұрғындарына көмек көрсетті. Партия филиалына өтініш түскеннен кейін аудан бюджетінен тиісті қаражат бөлініп, қазіргі уақытта көпір пайдалануға берілді.
Нұр-Сұлтанда ерекше қажеттіліктері бар әйел «Nur Otan» қалалық филиалына көмек сұрап хабарласты. Қиын жағдайға тап болған ол, екі жасқа толмаған қызын жалғыз өзі тәрбиелеп отыр. Басында өз баспанасы болмағандықтан, мүгедектік бойынша алатын жәрдемақысы түгел пәтер жалдауға кетеді. Партиялықтар оған қаладағы балабақшалардың бірінде тәрбиешінің көмекшісі болып жұмыс істеуіне, сондай-ақ, сол жерде баласына тегін орын беруге көмектесті.
Батыс Қазақстан облысында Бөкей ордасы ауданының Мұратсай ауылындағы балабақша бірнеше жылдан бері жөндеуді қажет етіп келеді. Әсіресе, мектеп жасына дейінгі балалардың ата-аналарын  суық едендер алаңдатты. Мәселені шешу үшін олар «Nur Otan» партиясының аудандық мәслихат депутаты Бибігүл Жұмағұловаға хабарласты. Оның араласуынан кейін жергілікті білім бөлімі жедел қаражат бөлді. Бүгінгі таңда балабақшада жылы еден,сондай-ақ, тығыз линолеум төселген.
Солтүстік Қазақстан облысында Мамлют ауданы Ленин ауылының тұрғындары интернет сапасына бірнеше рет шағымданды. Мәселе карантин кезінде, яғни мектеп оқушыларын қашықтықтан оқытуға көшірген кезде ерекше өзекті болды. «Nur Otan» жергілікті филиалына келіп түскен бірнеше өтініштен кейін «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында республикалық бюджет есебінен ауылда ұялы байланыс мұнарасы орнатылды.
Еске сала кетейік, тұрғындар өздерін мазалаған мәселелері бойынша «Nur Otan» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесіне келесі байланыс нөмірлері арқылы хабарласуына болады:
1. Call-орталық: 8 800 080 4441 (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін);
2. WhatsАpp: 8 700 800 4441
3. E-mail: komek@nurotan.kz
Сонымен бірге партияның республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің базасында отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау, сондай-ақ, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша «111 шұғыл қызметі» арнайы байланыс орталығы іске қосылды.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив