Nur Otan азаматтардың өтініштері негізінде 2 мыңнан астам рейд жүргізді

Nur Otan азаматтардың өтініштері негізінде 2 мыңнан астам рейд жүргізді

«Nur Otan» партиясы Нұрсұлтан Назарбаевтың халықпен өзара іс-әрекет жасаудың проактивті форматына көшу жөніндегі тапсырмасы және «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру шеңберінде қазақстандықтардың түйінді мәселелеріне белсенді ден қоюды жалғастыруда.
Партия баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, жыл басынан бері азаматтардың өтініштері негізінде 2 мыңнан астам түрлі рейд ұйымдастырылған.
Мәселен, Алматы облысында партиялық бақылау өңірлік комиссиясы Панфилов ауданына қарасты Сұптай ауылы тұрғындарының шағымы бойынша тексеру жүргізді. Онда 200-ге жуық оқушы апатты жағдайда тұрған бұрынғы балабақша ғимаратында оқуға мәжбүр.
Тексеру барысында 1998 жылы жылу жүйесінің жоқтығынан мектеп ғимараты жабылып, 2011 жылы пайдалануға жарамсыз деп танылғаны анықталды. Нұротандықтар облыстық білім басқармасына осы жылдың соңына дейін жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге және 2022 жылдың соңына дейін жаңа мектеп құрылысын аяқтауға қаражат бөлуді ұсынды. Бұл мәселе партияның облыстық филиалының ерекше бақылауында.
Елордадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде пәтер иелері қоныс тойын тойлай алмай отыр. Өйткені құрылыс салушы әлеуметтік осал отбасылар ретінде әкімдіктен «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша берілген пәтерлеріне тұрғындарды кіргізбейді.
Осы жағдайға «Nur Otan»-ның елордалық филиалы жедел назар аударды. Партиялық бақылау комиссиясы қалалық құрылыс басқармасына мәселені қысқа мерзімде шешуді ұсынды. Бұл ретте азаматтардың өтініштеріне уақытылы жауап бермегені үшін басқарма бастығы Арсен Жанғасқанов «ескерту» түріндегі партиялық жауапкершілікке тартылды.
Семей қаласында құрылыс салушы мен тұрғын үй алаптарының бірінің тұрғындары арасындағы жанжал реттелді. Мұнда сол аймақтағы жалғыз жолға сауда орталығын салу жоспарланған. Бұл тұрғындардың өз үйлеріне кіріп-шығуын қиындатады. Өйткені олардың үйлері барлық жағынан теміржолмен қоршалған. Осы іске партия араласқаннан кейін, құрылыс салушымен жолды жаппай, бұрынғы қалпында қалдыру туралы келісімге қол жеткізілді. Салынған қоршаулар алынып тасталды.
Алматыда Әлмерек шағын ауданының тұрғындары жергілікті коммуналдық қызметтің бұрын асфальтталған жолды бүлдіріп, жаңа су құбырын салғанына шағымданды. Ақырында қала тұрғындары сусыз, жолсыз қалған. Тексеру қорытындысы бойынша нұротандықтар 10 маусымға дейін тұрғындарды сумен қамтамасыз етуді және жолды жөндеуді ұсынды. Бұл мәселе партияның Алматы қалалық филиалының бақылауында.
Партияның баспасөз қызметінде атап өткендей, nurotan.kz сайтындағы
«Электрондық партия» жобасы немесе 8 800 080 44 41 жедел желі нөмірі (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін) бойынша азаматтар өз өтініштері мен шағымдарын қалдыра алады.

«Nur Otan» партиясының баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив