Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов Ақмола облысының Жақсы ауданында болды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов Ақмола облысының Жақсы ауданында болды

         ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектеновтың Ақмола облысының Жақсы ауданына жұмыс сапары аудандық Орталық аурухананы аралаудан басталды.

         Жақсы ОАА құрылымында 1 емхана, 3 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік-акушерлік пункт және 19 медпункт жұмыс істейді. Жақында мұнда ғимараттың қасбеті мен баспалдақ аралықтарына күрделі жөндеу жүргізілді, ал ағымдағы жылы жергілікті бюджеттен жалпы сомасы 220 млн.теңгеге медициналық жабдықтар сатып алуға қаражат бөлінді.

         Бұдан кейін Олжас Бектенов «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының өңірлік филиалының Халыққа қызмет көрсету бөлімінің жұмысын таныстырды, онда күн сайын 150-ге жуық адам қабылданады.

         Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасының бірінші орынбасары аудандық «Сервистік әкімдікке» барып, онда азаматтарға қолайлы қызмет көрсету үшін қандай жағдайлар көзделгенін және ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, ТКШ, құрылыс, сәулет және қала құрылысы салаларында мемлекеттік қызметтер мамандардың қалай ұсынатынын танысты.

         Олжас Бектеновтің жұмыс сапары барысында өңір тұрғындары оған ауыл шаруашылығы саласындағы және заңнаманы түсіндіруге қатысты мәселелер бойынша жүгінді. Қабылдау қорытындысы бойынша азаматтар сұрақтарға тиісті жауаптар алды.

         Сонымен қатар, сапар аясында Агенттік басшысының бірінші орынбасары Т.А. Уалиев атындағы Спорт мектебін аралап көрді, оның базасында бокс, грек-рим күресі, волейбол, баскетбол және футбол сияқты спорт түрлері дамытылады. Мектепке әуесқой бокс федерациясының вице-президенті Батырбек Уәлиев демеушілік етеді. Айта кетейік, Олжас Бектенов - Ақмола әуесқой бокс федерациясының президенті.

         Олимпиада чемпионы Юрий Мельниченко спорт мектебі жаттықтырушыларының бірі болып табылады, ол осы күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасының бірінші орынбасарымен кездесу кезінде өскелең ұрпаққа дене тәрбиесі арқылы рухани-адамгершілік құндылықтарды дарытуға қосқан үлесі туралы айтып берді.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив