Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов Қызылорда облысы әкімімен кездесті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов Қызылорда облысы әкімімен кездесті

Бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов Қызылорда облысы әкімі Гүлшара Әбдіқалықовамен кездесті.

Жиында Олжас Бектенов Агенттіктің Қызылорда облысы бойынша департаментінің жаңа басшысын таныстырды. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2021 жылдың 9 наурызындағы бұйрығына сәйкес, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысы лауазымына генерал-майор Қанат Қожахметов тағайындалды.

Өңір басшысы Гүлшара Әбдіқалықова жаңадан тағайындалған Қанат Қожахметовті қызметімен құттықтай отырып, алдағы уақытта Мемлекет басшысымен қойылған міндеттерді бірлесіп атқаруда жұмысына сәттілік тілеп, сенім білдірді.

Қанат Қожахметов 1965 жылы Алматы қаласында туылған. Ішкі істер министрлігінің Қарағанды жоғарғы мектебін және Ресей Федерациясы Президенті жанындағы мемлекеттік академиясын бітірген.

Еңбек жолын ішкі істер органдарында 1987 жылдан бастаған.

1987-2009 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Алматы облыстарында және Алматы қаласының ішкі істер органдарында, 2009-2018 жылдары ішкі істер министрлігінде түрлі лауазымдық қызметтер атқарған.

2018 жылдың қыркүйек айынан бастап Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне ауысқан.

2020 жылдың ақпан айынан бастап осы кезге дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив