Қатар – ескі дос, жаңа мүмкіндіктер

Қатар – ескі дос, жаңа мүмкіндіктер

 

 Катар Әмірі шейх Тамим бин Хамад Әл-Танидің Қазақстанға мемлекеттік сапары қарсаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров бастаған қазақстандық делегацияның Қатарға жұмыс сапары өтуде.

Сапардың мақсаты – бірлескен нақты инвестициялық жобаларды пысықтау. Делегация құрамына Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Мәдениет және спорт министрлігінің басшылықтары, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ, «КAZAKH INVEST» ҰК» АҚ, «Астана» халықаралық қаржы орталығының және Қазақстанның бірқатар жеке компанияларының өкілдері кірді.

«Мойындауымыз керек, біз Қатардың барлық мүмкіндіктері мен осы елдің бізге деген достық қарым-қатынасына қарамастан, әлемдік инвестор ретіндегі әлеуетін толық көлемде пайдаланған жоқпыз. Катар – жан басына шаққандағы ЖІӨ-нің үшінші көрсеткіші бар, бүкіл әлемде прогрессивті көзқарасы бар және Qatar Investment Authority тәуелсіз қор арқылы ең үздік активтерде инвестициялық қатысуы бар бай мемлекет. Бірақ осының бәрі ескере отырып, бізде іс жүзінде бірлескен инвестициялық жобалар жоқтығын белгілегім келіп тұр. Бұл біздің кемшілігіміз және біз Катарды қайта ашуымыз керек», - деді Алмас Айдаров.

Сапар барысында делегация мүшелері Катар Орталық банкінің Төрағасымен, сондай-ақ «Qatar Sports Investments», «Qatar Mining», «Qatari Diar», «Hassad Food», «Widam», «Katara Hospitality» ұлттық компанияларының, «Qatar Investment Authority» Егемен қорының бірінші басшыларымен, сондай-ақ Катар бизнесмендер қауымдастығымен және басқа да жеке инвесторлармен келіссөздер жүргізді.

Алдыңғы уағдаластықтардың жалғасы ретінде қазақстандық делегация тау-кен металлургия, агро- және қорғаныс өнеркәсіп кешендері, туризм, мұнай-химия сияқты салаларда жалпы бағасы $4,6 млрд құрайтын 37 дайын «brownfield» жобасын ұсынды. Бұл жобалардың қазақстандық сенімді серіктестері бар және олар катарлық инвестициялық саясаттың ерекшелігін ескере отырып іріктелген.

Қазірдің өзінде Алматы облысында мал шаруашылығы мен сүт өндіру, тау-кен металлургия кешені мен қорғаныс өнеркәсібі салаларындағы жобалар бойынша белсенді келіссөздер басталды. Сондай-ақ, туристік инфрақұрылымды кеңейту шеңберінде инвесторлар тарапынан Алматы және Маңғыстау облыстарында туристік объектілерді салу мүмкіндігіне сұраныс алынды.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің

баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив