Қазақстан Елшісі Нидерланд Короліне сенім грамоталарын тапсырды

Қазақстан Елшісі Нидерланд Короліне сенім грамоталарын тапсырды

Қазақстан Елшісі Асқар Жұмағалиев Нидерланд Королі Виллем-Александрға салтанатты түрде сенім грамоталарын тапсырды.

Рәсімнен кейін «Нордеинде» сарайында дипломаттың монархпен екіжақты кездесуі өтті, оның барысында тараптар Қазақстан мен Нидерланд арасындағы саяси, сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталған басым мәселелерді талқылады.

Елші Ұлы мәртебелі Корольді Қазақстанның қазіргі сыртқы саясатымен және экономикалық бастамаларымен таныстырды. Ол сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нидерландпен кешенді ынтымақтастықты дамытуға үлкен мән беретінін және жоғары деңгейдегі байланыстар екі ел арасындағы сенімді диалогтың берік негізін қалағанын атап өтті.

Өз кезегінде Король Виллем-Александр екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейін айрықша атай отырып, Нидерланд Қазақстанмен саяси және экономикалық байланыстарды одан әрі өрбітуге мүдделі екенін белгілеп өтті. Ол сондай-ақ 2014 жылғы наурызда Гаагадағы Ядролық қауіпсіздік саммиті аясында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуін еске түсірді. Дипломат Елбасының сол Форумда сөйлеген сөзінде Қазақстанның ядролық сынақ полигонын бірінші болып жауып, сонымен қатар ядролық қарудан ерікті бас тартқаны туралы айтқаны туралы қосты. Осыған орай, ол 2021 жылы Н. Назарбаевтың әлемдегі ең ірі Семей ядролық сынақ полигонын жабу арқылы қауіпсіз және орнықты әлемнің қалыптасуына ерекше үлес қосқан тарихи шешімінің 30 жылдығы атап өтілетіндігі туралы хабарлады.

Қазақстан Республикасы

Сыртқы істер министрлігінің

баспасөз қызметі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив