«Toyota Tsusho Corporation» Вице-президенті Қазақстанның Құрметті консулы болып тағайындалды

«Toyota Tsusho Corporation» Вице-президенті Қазақстанның Құрметті консулы болып тағайындалды

 

 «Toyota Tsusho Corporation» компаниясының Вице-президенті Хидеки Янасені Тюбу аймағындағы Қазақстанның Құрметті консулы, етіп тағайындау рәсімі өтті.

Қазақстанның Жапониядағы Елшісі Ерлан Баударбек-Қожатаев Хидеки Янасеге консулдық патентті табыс етті.

Іс-шара барысында қол қойылған келісімге сәйкес, Құрметті консулдық екіжақты іскерлік қатынастарды нығайтуға және мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамытуға баса назар аударады.

«Toyota Tsusho Corporation» бас кеңсесі елдің озық индустриялық хабы және өндірістік базасы саналатын Тюбу өңірінің әкімшілік орталығы - Нагоя қаласында орналасқан. Автомобиль жасау, машина жасау, металл өңдеу және электротехника сияқты көптеген салаларға негізделген аймақтың экономикасы Жапония ЖІӨ-нің шамамен 20% құрайды.

Рәсім барысында Елші қол қойылған келісімге сәйкес Қазақстан мен Жапония арасындағы инвестициялық ынтымақтастықты жандандыру бойынша бірқатар нақты іс-шаралар айқындалғанын айтып, Х. Янасенің іскерлік қасиеттері мен жұмыс тәжірибесі ҚР Құрметті консулы қызметін лайықты атқаруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Өз кезегінде Құрметті консул өңірдің әлеуетін ескере отырып, Жапония мен Қазақстан арасындағы инвестициялық және технологиялық ынтымақтастықты дамытуға күш-жігерін салатынын растады.

Қазіргі уақытта Жапонияда Кюсю, Кансай және Тюбу аймақтарында еліміздің үш Құрметті консулдығы жұмыс істейді.

Коронавирус індетінің әсеріне қарамастан, ағымдағы жылғы қаңтар-маусым аралығында ҚР мен Жапония арасындағы екіжақты тауар айналымы 805 млн. АҚШ долларын құрап, 2019 жылғы деңгейде болды. Ал қазақстандық экспорт 550 млн.  АҚШ долларына жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16%-ға өсті.

«Toyota Tsusho Corporation» қызметінің негізін автомобиль жасау және машина жасау, сондай-ақ металл, энергоресурс, химия және электроника өнімдерімен сауда жасайтын жаһандық компания.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің

баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив