Солтүстік Македония Конституциялық Сотының бейне-құттықтауы

Солтүстік Македония Конституциялық Сотының бейне-құттықтауы

Солтүстік Македония Конституциялық Сотының Төрағасы Сали Мурати мырза Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығы мерейтойына орай құттықтауларын жолдады. Ол «ХХІ ғасырдың Конституциясы – құқық үстемдігі, адам құндылығы және мемлекеттің тиімділігі» тақырыбында Азиялық конституциялық соттары және балама институттар Қауымдастығының IV Конгресінде, осы Қауымдастық құрылғанының он жылдығын атап өтетін жылы, сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығын мерекелеуге байланысты сөз сөйлеу құрметті екенін атап өтті.

Конституциялық соттардың рөлі құқық үстемдігі мен демократияны қорғау болып табылады. Мемлекет іс-әрекеттерінің конституциялылығына кепілдік бере отырып, конституциялық сот төрелігі заңның үстемдігін сақтауға, адамның негізгі құқықтарын қорғауға және біздің елдерімізде демократияны нығайтуға қажетті маңызды үлес қосады. Конституциялық соттардың төрағалары мен мүшелері үшін бұл біздің елдерімізде заңның үстемдігі мен демократияны сақтауда үлкен жауапкершілікті білдіреді - бұл сот функциясын жүзеге асырған кезде әрқашан есте ұстайтын жауапкершілік. Соңғы онжылдықта конституциялық құқықтың ғалымдары мен тәжірибе жаңа проблемаларға тап болды. Бұл тұрғыда салыстырмалы конституциялық шолу және конституциялық заңнама тәжірибесін салыстыру әдісінің рөлі артады. Бұл үрдіс демократияны бірлесіп дамыту, құқық үстемдігі және Азиядағы адам құқықтары мен бостандықтарын көтермелеу мақсатында конституциялық құқық пен сот билігі саласындағы көпжақты ақпарат пен тәжірибе алмасу туралы 2012 жылғы Азиялық Конституциялық соттар қауымдастығының инаугурациялық Конгресінің Сеул декларациясының қорытындыларына енгізілді.

Соңғы жылдары, әсіресе соңғы бірнеше айда адамзат жаңа сын-қатерлерге тап болды, олар барлық елдерде және конституциялық мемлекет алдында көрініс тапты. Экономикалық жағдайда, біздің табиғи ортамызда белгісіз вирустың пандемиясына байланысты өзгерістер болды. Біз мигранттар мен босқындар ағынымен, сондай-ақ қауіпсіздіктің жаңа мәселелерімен күресудің маңызды проблемасымен бетпе-бет келдік. Осы қиындықтар мен жаңа азғыруларға қарсы күресте біз адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын қорғау проблемасына тап болдық. Бұл, әрине, бәріміз үшін қиын міндеттерді білдіреді, бірақ біз бір жағынан әлеуметтік және жеке стандарттар, экономикалық даму мен қауіпсіздік, екінші жағынан, еркіндік, табиғат пен әлеуметтік қауіпсіздік арасындағы тепе-теңдікті табуымыз керек. Мен Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданғанына 25 жыл толуының маңыздылығын ерекше атап өткім келеді және осы мерейтоймен шын жүректен құттықтаймын және сіздің мемлекетіңіздің, бейбіт, гүлденген және табысты болашағы үшін және ең жоғарғы мемлекеттік актінің кепілі ретіндегі Кеңеске деген ізгі тілектерімді жеткіземін.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив