Польшада Абай бейнеленген пошта маркасы шығарылды

Польшада Абай бейнеленген пошта маркасы шығарылды

«Почта Польска» компаниясының орталық ғимаратында Абай Құнанбайұлының 175-жылдығына арналған марканы шығару рәсімі өтті.

Пошталық марканы шығару жобасы ұлы қазақ ақынның мерейтойын мерекелеу аясында Қазақстанның Варшавадағы Елшілігінің бастамасымен «Почта Польска» АҚ жүзеге асырды.

Өз сөзінде Қазақстанның Польшадағы Елшісі Әлім Қирабаев қазіргі ұрпақты адалдық пен әділеттілік қағидаларын басшылыққа алуға, сондай-ақ өз халқына қызмет етуге және ағартуға ұмтылуға шақырып, шабыттандыратын ұлы жазушының философиялық идеялары мен өлмес әдеби мұрасының өзектілігін атап өтті.

«Почта Польска» АҚ төрағасы Томаш Здзикота  екі ел арасындағы  филателия саласындағы жемісті және ұзақ мерзімді ынтымақтастығына тоқталып, ұлы қазақ ағартушысының бейнесі салынған пошталық маркасы филателисттер арасында үлкен қызығушылық тудырып, бірлескен сәтті жобалардың дәлелі болатынына сенім білдірді.

Іс-шара барысында Польша Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Департамент директоры Я.Хофмокл, Абайдың шығармашылық мұрасының маңыздылығы мен ауқымын айта отырып, 2001 жылы Қазақстанға жасаған сапардың барысында Рим Папасы Иоанн Павел II-ші дәйексөз жасаған Абайдың «Қара сөздер» әйгілі әдебиет шығармашылығымен тындаушыларды танысуға шақырды.  

Абайдың 175-жылдығын мерекелеу аясында өткізілген іс-шара поляк аудиториясын Қазақстан халқының мәдени мұрасы мен рухани байлығымен таныстыруға жақсы мүмкіндік ұсынды.

Іс-шараға Қазақстанның Польшадағы Елшілігінің өкілдерімен қатар «Почта Польска» АҚ мен Польша Сыртқы істер министрлігінің басшылығы қатысты.

Кездесу соңында Елші поляк тарапына поляк тіліндегі Абайдың «Қара сөздер» кітабының бірнеше данасын табыстады.

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив