Қазақстанның бастамалары  БҰҰ-ның Венадағы бөлімінде жоғары бағаланды

Қазақстанның бастамалары БҰҰ-ның Венадағы бөлімінде жоғары бағаланды

 

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев 2020 жылы 10-12 ақпанда Аустрияға жасаған жұмыс сапары барысында Венада орналасқан БҰҰ ұйымдарының басшылығымен кездесті.

Атап айтқанда, Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігінің Бас директоры Рафаэль Гросси Қазақстанның ядролық қаруды таратпау режимін нығайту жөніндегі жаһандық күш-жігердегі ерекше рөлін атап өтті. Тараптар ядролық қауіпсіздікті нығайту және атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану мәселелерін, сондай-ақ ауылшаруашылығы, медицина, су шаруашылығы, бұрынғы Семей полигонының аумағын қалпына келтіру мақсатында АЭХА-ның атомдық және радиациялық технологияларын пайдалану болашағын талқылады.

АЭХА Бас директоры Вена қаласында өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі конференцияға қазақстандық делегациясының қатысқаны үшін алғысын айтып, еліміздің ядролық қауіпсіздікті нығайтуға қосқан үлесін ескере отырып, Қазақстан 2021 жылы Венада өтетін Ядролық материалды физикалық қорғау туралы Конвенцияның Шолу конференциясында тиісті деңгейде қатысады деп үміт білдірді.

БҰҰ-ның Венадағы бөлімінің жаңадан тағайындалған Бас директоры, БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының (БҰҰ ЕҚБ) Атқарушы директоры Гада Валимен болған кездесу барысында тараптар қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі, сондай-ақ шетел террорист жауынгерлерге қатысты қауіп-қатерлердің алдын алу сынды экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы кең ауқымды мәселерді талқылады.

Г. Вали Қазақстанның өз азаматтарын, ең алдымен әйелдер мен балаларды Таяу Шығыстағы соғыс аумақтарынан қайтару жөніндегі күш-жігерін жоғары бағалады. Сондай-ақ, БҰҰ ЕҚБ Алматы қаласында орналасқан Орталық Азиялық ақпараттық үйлестіру орталығының (CARICC) есірткімен күрестегі практикалық қызметіне ерекше назарын жалғастыратыруға дайындығы және осы Орталыққа толыққанды қолғабыс көрсетуге ниетті екені айтылды.

Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарт ұйымының (ЯСЖТШ) Атқарушы хатшысы Лассина Зербо сұхбат барысында 1991 жылғы 29 тамызда Семей полигонын жабуға шешім қабылдаған Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың арқасында 1996 жылы ЯСЖТ-ны қабылдау үдерісі басталғаны туралы атап өтті. Сұхбаттас Қазақстанның ЯСЖТШҰ-ға қосып отырған ерекше үлесіне назар аударып, еліміздің бастамасы бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымы жыл сайын 29 тамызда Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күнді атап өтетінін мәлімдеді.

Қазақстан мен ЯСЖТШҰ арасындағы одан әрі ынтымақтастықтың бағыттары, атап айтқанда, ядролық сынақтарды жасыруға мүмкіндік бермейтін ЯСЖТШҰ-ның Ғаламдық бақылау жүйесінің бірлескен элементі ретінде елімізде алғашқы бекзат газдардың радионуклидтік бақылау станциясын орналастыру мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, БҰҰ-ның Венадағы бөліміне зиярат барысында Е.Ашықбаев есірткі және оның прекурсорлары саласында ғылыми және сот-сараптамалық зерттеулер жүргізетін, сондай-ақ құқық қорғау, арнайы және консулдық қызметтердің жалған сәйкестендіру құжаттарды анықтау сынды құзыретін арттыратын мамандандырылған зертхананың қызметімен танысты.

 

Қазақстан Республикасы

Сыртқы істер министрлігінің

баспасөз қызметі

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив