Қазақстан Елшісі Эфиопия Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

Қазақстан Елшісі Эфиопия Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

Эфиопиядағы ҚР Елшісі Барлыбай Садықовтың Эфиопия Президенті Сахлеворк Зевде ханымға сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті.

Кездесу барысында, екіжақты ынтымақтастықтың жағдайы мен болашағы талқыланды. Тараптар екі ел арасында қалыптасқан қарым-қатынастардың достық және сындарлы сипатын атап өтіп, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге өзара мүдделілікт танытты.

Елші Б. Садықов сұхбаттасушыны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауының негізгі мазмұнымен, елдің ішкі және сыртқы саясатының басым бағыттарымен, екіжақты саяси және экономикалық ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі ұсыныстармен таныстырды.

Өз кезегінде, Эфиопия Президенті С. Зевде Қазақстанды Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен жүзеге асырылған табысты саяси және экономикалық өзгерістермен құттықтады. БҰҰ-да бірлескен жұмыс бойынша жеке өзі білетін жаңа Президент Қ. Тоқаевпен белгіленген мақсаттар мен міндеттердің табысты жүзеге асырылуына сенім білдірді. С. Зевде сондай-ақ өзара іс-қимылдың барлық салаларында эфиопиялық тарапының Қазақстанмен екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға деген ықыласын білдірді және осы қызметке тұрақты қолдау көрсететініне сендірді.

 

Қазақстан Республикасы мен Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастар 2011 жылғы 5 қыркүйекте ноталар алмасу жолымен белгіленген.

Бүгінгі таңда, Эфиопиямен саяси және экономикалық байланыстар одан әрі дамып келеді. Қарым-қатынас бағыттары пысықталуда, ынтымақтастықтың түрлі салаларындағы ортақ мүдделерді іздеу жұмысы өте табысты және қарқынды жүріп жатыр.

2018 жылдың қорытындысы бойынша өзара сауда көлемі 86,4 мың АҚШ долларын құрады (экспорт – 0,4мың АҚШ долл.), импорт – 86 мың АҚШ долл.). Эфиопияға тегіс темір, легірленген және легірленбеген, тот баспайтын болат импортталады. Қазақстанға гүлдер, кофе, тері және басқада тауарлар импортталады.

 

Қазақстан Республикасы

Сыртқы істер министрлігінің

баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив