Саяси диалог және сауда-инвестициялық ынтымақтастық – Қазақстан мен Бельгияның Сыртқы істер министрліктері арасындағы келіссөздердің басты назарында

Саяси диалог және сауда-инвестициялық ынтымақтастық – Қазақстан мен Бельгияның Сыртқы істер министрліктері арасындағы келіссөздердің басты назарында

Қазақстан мен Бельгия экономикалық дипломатияға баса назар аударып, саяси саладағы жан-жақты ынтымақтастықты және халықаралық платформалардағы өзара іс-әрекеттерді күшейтуге ниетін білдірді. Бұл бүгін өткен Қазақстан-Бельгия саяси консультациялардың негізгі үндеуі болды.

Қазақстан делегациясын Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко, ал Бельгия делегациясын  Сыртқы істер министрлігі Екіжақты ынтымақтастық дирекциясының бас директоры Аник Ван Калстер басқарды.

Дипломаттар саяси, экономикалық, мәдени және гуманитарлық ынтымақтастықтың кеңауқымды мәселелерін, сондай-ақ халықаралық күн тәртібін жан-жақты талқылады.

Атап айтқанда, қазіргі заманғы жаһандық сын-тегеуріндерді еңсерудің жолдарын талқылай отырып, Р. Василенко Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жаһандық деңгейде, Еуразия және халықаралық экономикалық ұйымдар деңгейінде «Үш диалогты» құру бастамасы туралы айтты.

Сондай-ақ, қазақстандық дипломат сұхбаттасушыны елімізде заңның үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған институционалдық реформаларды жүзеге асыру барысы туралы, Мемлекет басшысының «Конструктивті қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен гүлденуінің негізі» атты жолдауының негізгі басымдықтары мен бағыттары, «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру, жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық реформалар және Қазақстанның сот жүйесі мен құқық қорғау органдарын реформалау туралы хабардар етті.

Өз кезегінде, А. Ван Калстер 2017 жылы шілдеде Нұр-Сұлтанға жасаған соңғы сапарынан бастап Қазақстан-Бельгия қатынастарының барлық бағыттардағы дамуының оң үрдісін қанағаттанғандықпен атап өтті. Соның ішінде, 2018 жылғы қазанда Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Н. Назарбаевтың Бельгиялықтардың Королі Филиппен өткен кездесуі екіжақты әріптестікке жаңа серпін берді.

Экономикалық дипломатия шеңберінде тараптар өсімнің оң динамикасын растады және энергетика, ауыл шаруашылығы, медициналық қалдықтарды өңдеу және т.б. саласындағы табысты өзара әрекеттесуді атап өтті. Қазақстанда «John Cockerill», «Carmeuse», «Orfit» сияқты және басқа бельгиялық компаниялармен бірлескен жобалар іске қосылды. Бельгия Қазақстан экономикасындағы ең ірі инвесторлардың бірі болып табылады – Бельгия компаниялары Қазақстанға 7 млрд. АҚШ долл. астам тікелей инвестиция салды. А. Ван Калстер Валлонияның экспортқа және шетелдік инвестицияларға ықпалдасу «AWEX» агенттігінің және Фландрияның Инвестицияларды тарту және экспортқа ықпалдасу «FIT»  агенттігінің басшылығымен Бельгия кәсіпорындарының Қазақстанға екі жылда бір рет ұйымдастырылатын іскерлік миссияның тиімділігін ерекше атап өтті. Қазақстанға жасаған экономикалық сапарлардың сәтті тәжірибесін ескере отырып, Бельгия тарапы осындай миссияларды жыл сайын өткізу мәселесін қарастыруда.

Қазақстанның инвестициялық ахуалын талқылай отырып, Р. Василенко Премьер-Министрдің төрағалығымен өтетін үйлестіру кеңесі, шетелдік инвестицияларды тарту мен қолдаудың үш деңгейлі жүйесі, «KazakhInvest» қызметі туралы айтты. Қазақстан делегациясы «Астана» Халықаралық қаржы орталығының негізінде іскерлік байланыстарды дамыту перспективаларына ерекше назар аударды.

Сонымен қатар, ұстанымдарды үйлестіру және қазіргі заманның өзекті мәселелерін шешу үшін халықаралық және аймақтық ұйымдар шеңберіндегі өзара іс-әрекеттің мәселелері қарастырылды. А.Ван Калстер Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2017-2018 жылдардағы тұрақты емес мүшесі ретіндегі маңызды рөлін, Қазақстанның халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесін атап өтті. 2019 жылдың 1 қаңтарында Бельгия БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретіндегі миссиясына кірісті және 2020 жылғы ақпанда Кеңестің төрағалығына дайындалуда.

Еуропалық Одақпен ынтымақтастық аясында тараптар Кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісімнің күшіне енуінің және 2019 жылдың маусым айында қабылданған Еуропалық Одақтың Орталық Азия бойынша жаңа стратегиясын іс жүзінде іске асырудың маңыздылығын атап өтті.

Кездесу барысында Ауғанстанды қалпына келтіруге жәрдемдесу саласындағы ынтымақтастық туралы жан-жақты пікір алмасу болды. Бельгия тарапы Қазақстанның Ауғанстанға гуманитарлық, техникалық және білім беру көмегін көрсету арқылы жасаған күш-жігерін және үлесін жоғары бағалады. Р. Василенко өз әріптестерін Қазақстанның Ауғанстандағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті қалпына келтіру жөніндегі бастамалары туралы, сондай-ақ ауған қыздарына Қазақстан мен Өзбекстанда білім беру бағдарламасының іске қосылуы туралы хабарлады. Аталған бағдарламаның инаугурация рәсімі осы күні Брюссельде өтті. 

Халықаралық қауіпсіздік мәселелері бойынша ынтымақтастық тақырыбы Бельгия тарапын ерекше қызықтырды. Қазақстандық дипломат Қазақстан азаматтарын Сирия мен Ирактың жауынгерлік іс-қимылдар аймақтарынан қайтару бойынша «Жусан» операциясы туралы жан-жақты айтып берді. Тараптар Қазақстан мен Бельгияның тиісті қызметтері арасында тәжірибе алмасуға ниет білдірді.

Кездесу қорытындылары бойынша тараптар Қазақстан-Бельгия қатынастарын барлық салада одан әрі сапалы дамыту және кеңейту үшін бірлескен күш-жігерлерді жұмсауға дайын екенін растады.

Бельгия КорольдігіҚазақстанның Еуропалық Одақтағы маңызды саяси және экономикалық серіктесі.

Елжоғары технологиялар, фармацевтика және жасыл энергетика саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі болып табылады.

Қазақстанның Бельгиямен 2019 жылдың 7 айы бойыншасыртқы сауда айналымы 184,5 млн.доллқұрады(экспорт - 106,7 млн., импорт - 77,8 млн.). 2018 жылы – 455 млн долл., бұл 2017 жылмен салыстырғанда 58% -ға көп (286,6 млн .долл.), 2016 жылы – 300,2 млн доллар.

2019 жылдың қазан айындағы жағдай бойынша Қазақстанда бельгиялықкапиталы бар 48 компания жұмыс істейді. Олардың ішіндегі ең ірілері: «Solvay Chemicals International SA.»(мұнай-газ саласының инфрақұрылымы), «Evolion» (баламалы энергия көздері), «Induss» (су тазарту жұмыстары).

 

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің

баспасөз қызметі

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив