Қазақстан Елшісі Үндістан Президентіне сенім грамоталарын табыстады

Қазақстан Елшісі Үндістан Президентіне сенім грамоталарын табыстады

 

НЬЮ-ДЕЛИ,  «Раштрапати Бхаван» Президенттік сарайында Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Елшісі Ерлан Әлімбаев Үндістан Президенті Рам Натх Ковиндке сенім грамоталарын табыстады.

Іс-шарадан кейін өткен кездесу барысында Президент Р.Ковинд Қазақстан өкілінің рәсімді хинди тілінде өткізгені үшін ризашылығын білдірді және дипломатиялық миссиясының басталуымен құттықтай отырып, екі ел арасында қалыптасқан қарым-қатынастардың сенімді сипатын атап өтті.

Елші Е.Әлімбаев Үндістан Президентін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғашқы Жолдауында айтылған ел экономикасын жаңғырту және әлеуметтік саланы жақсарту бойынша Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан шаралар туралы хабардар етті.

Сонымен қатар, әңгімелесушілер бірқатар өзекті мәселелерді, оның ішінде сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық ықпалдастық туралы пікр алмасты.

 

Қазақстан Республикасы

Сыртқы істер министрлігінің

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив