Қазақстанның Елшісі Финляндияның Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

Қазақстанның Елшісі Финляндияның Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

 

Қазақстанның Елшісі Жанна Сартбаева Финляндия Республикасының Президенті Саули Ниинистёге сенім грамоталарын тапсырды. Президент сарайындағы салтанатты рәсімнен кейін қазақстандық дипломатты мемлекет басшысы қабылдады.

Сұхбат барысында Қазақстанның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Финляндия Президентіне жолдаған сәлім мен жылы ниет лебіздері жеткізіліп, Қазақстанға сапармен келіп-кету туралы шақыруы табыс етілді.

Финляндияның мемлекет басшысын Қазақстанның саяси дамуы, экономикасын әртараптандыру және транзиттік-көліктік әлеуетін дамыту жолындағы қолға алынған шаралар бойынша хабардар етілді.    

Қазақстан-Финляндия қатынасының қазіргі жағдайы мен келешегін талқылау барысында Елші екіжақты ынтымақтастықтың барлық спектрі бойынша, әсіресе цифрлық технологиялар саласындағы өзара әрекеттестікті тереңдетуге ел басшылығының мүдделігін танытты.

Президент Қ.Тоқаев ұлықтау рәсімінде сөйлеген сөзінде айқындаған негізгі бағыттар туралы егжей-тегжейлі айтылды. Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әлемдік қауымдастыққа үш диалог негізінде жаңа геосаяси ахуал қалыптастыру туралы ұсынған бастамасы мәлімденді.

Сонымен қатар Тұңғыш Президент - Елбасы Н.Назарбаевпен Президент Қ.Тоқаевтың Президент С.Ниинистенің туған күніне орай құттықтаулары табысталды.

Финляндия Президенті екі ел арасындағы қатынастардың достық сипатына ерекше көңіл аударып, Қазақстанның халықаралық аренадағы маңыздылығын атап өтті. Ол екіжақты сауданың өсіп келе жатқан беталысына қанағаттанушылық білдірді.

С.Ниинистё Тұңғыш Президент - Елбасы Н.Назарбаевтың қазіргі қазақ мемлекеттілігінің негізін қалаушы ретіндегі рөлін айрықша айтып, оның жаһандық архитектура мен геосаяси мәселелердің қалыптасу үдерістерін терең түсінетіндігін атап өтті. Фин мемлекетінің басшысы еліміздің Президенті Қ. Тоқаевқа жүрекжарды лебізін білдірді.

Финляндия Президенті Қазақстанға жасаған сапарларын еске алып, қазіргі дамуын жоғары бағалады және елдегі саяси,  әлеуметтік-экономикалық реформаларды одан әрі жүзеге асыруда сәттілік тіледі.

 

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің

баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив