Әлемдегі ең ірі кілем өндіруші компания Қазақстанда зауыт ашу мүмкіндігін қарастырады

Әлемдегі ең ірі кілем өндіруші компания Қазақстанда зауыт ашу мүмкіндігін қарастырады

КАИР - Қазақстанның Каирдегі Елшісі Арман Исағалиев мысырлық «Oriental Weavers» кілем өнімдерін өндіретін компанияның зауытына барып, Басқарма төрағасы Салах Абдель Азизбен кездесті.

Сұхбат барысында Қазақстанмен ынтымақтастықты жандандыру жолдары және елімізде бизнесті кеңейту мүмкіндіктері қарастырылды. Компания басшысы еліміздің әлеуметтік-экономикалық жетістіктерімен, Үкіметтің инвестиция тарту бойынша қабылдап жатқан шараларымен, шетелдік инесторлар үшін берілетін қомақы жеңілдіктермен және артықшылықтармен таныстырылды. Осыған орай, оған инвестициялық жоба ретінде Қазақстанда кілем өндірісі желісін құру ұсынылды. Мысырлық бизнесмен бұл ақпаратты қызығушылықпен қабыл алып, бұл мәселе компания директорлар кеңесінің келесі отырысында қарастырылатынын айтты.

Кездесуден кейін Басқарма төрағасы қазақстандық дипломат үшін зауытқа экскурсия ұйымдастырып, кілем өнімдерін өндіру процесімен және зауыттың экспорттық әлеуетімен таныстырды.

Анықтама: 1979 жылы құрылған «Oriental Weavers» компаниясы қазіргі таңда өнідіріс және сату көлемі жағынан әлемдегі ең ірі компания болып табылады. Мысырдағы 3 зауыты күніне 250 мың шаршы метр өнім шығарады (жылына 78 млн. шаршы метр). Әлемдегі төрт кілемнің біреуі осы компанияда тоқылған. «Oriental Weavers» өнімдері Қазақстанмен қоса 130 мемлекетке экспортталады. 2018 жылғы еліміздегі сату көлемі 3 млн. АҚШ долларын құраған.

Компанияның кілем өнімдері әлемде кеңінен танымал. Дизайндардың саны 3 миллионнан асып түсетін кілемдер кез келген талғамды қанағаттандырады.

Компанияның АҚШ пен Қытайда екі зауыты бар.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив