Осло қаласында қазақстандық-норвегиялық ынтымақтастықты тереңдету перспективалары талқыланды

Осло қаласында қазақстандық-норвегиялық ынтымақтастықты тереңдету перспективалары талқыланды

Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Ослоға жасаған іс-сапары шеңберінде бірқатар екі жақты кездесулер өткізді.

Норвегияның Сыртқы істер министрі Ине Эриксен Сорейдемен өткен кездесу барысында Қазақстан мен Норвегия саяси, дәнекерлік, ядролық қаруды таратпаумен қарусыздану саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға ниетті екені атап өтілді. Норвегия министрі Қазақстанның жаһандық ядролық қауіпсіздігіне қосқан зор үлесін атап өтті. Сұхбаттасушылар Норвегияның қаржылық қатысуымен Өскемен қаласындағы Үлбі металлургиялық зауытында АЭХА Төмен байытылған уран отынының банкін құру және екі елдің Иранның ядролық бағдарламасы бойынша бірлескен кешенді іс-қимыл жоспарын іске асыруға қатысуы айқын мысал болып табылатын ядролық қауіпсіздік саласындағы өзара әрекеттестіктің бар тәжірибесін атап өтті.Кездесу барысында сауда-экономикалық ықпалдасуды нығайту тұрғысында көлікпен логистика, ауыл шаруашылығы мен медицина салаларында игі перспективалар бар екені аталып өтті.

Сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары деңгейінде ағымдағы жылдың қараша айында Нұр-Сұлтанда кезекті СІМ-аралық консультациялар өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Орталық Азиядағы жағдай туралы айта отырып, тараптар Ауғанстанды тұрақтандыруға халықаралық қоғамдастықтың одан әрі көмек көрсетуінің маңыздылығын атап өтіп, өңір мемлекеттерінің өзара іс-қимылының оң динамикасын атап өтті. Мұндай қолдаудың мысалы ЕО, Қазақстан және Өзбекстанның қатысуымен Ауғанстан үшін үшжақты білім беру бағдарламасы болып табылады.

Норвегия Парламентінің Сыртқы істер жөніндегі тұрақты комитетінің Төрайымы Анникен Хатфельдпен өткен кездесуде екі жақты ынтымақтастықты нығайтудағы парламенттік дипломатияның ерекше рөлі атап өтілді. Кездесу барысында сұхбаттасушылар Еуразиядағы диалогты нығайтудың және ү.ж. 23-24 қыркүйекте Нұр-Сұлтанда өтетін Еуразиялық парламенттері спикерлерінің 4-ші кездесудің маңыздылығын атап өтті. Норвегиялық парламентарийдің назарына Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ү.ж. сәуірде Бейжіңде өткен «Бір белдеу, бір жол» халықаралық ынтымақтастық 2-ші форумында ұсынған «үш диалог» туралы бастамасы және бұл диалогтарды орнату бойынша Қазақстан Сыртқы істер министрлінің күш-жігерімен қолға алынған ақпарат жеткізілді.

 

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің

баспасөз қызметі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив