ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Германияның экономика күндеріне қатысты

ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Германияның экономика күндеріне қатысты

Германияға жұмыс сапары аясында Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермек Көшербаев Германияның экономика күндеріне Христиан-демократиялық одақ партиясы желісі бойынша қатысты. Аталған іс-шара Германияның жоғары шенді тұлғаларының қатысуымен экономикалық даму мен іскерлік белсенділікті арттыруға қатысты маңызды мәселелерді талқылауға арналған әлемдік және еуропалық деңгейдегі беделді алаңның бірі.

Іс-шара алаңында Е. Көшербаевтың «Aurubis AG», «Hydro Aluminium GmbH», «Lhoist Rheinkalk GmbH», «DNV GL» және т.б. алдыңғы қатарлы неміс компанияларының басшыларымен кездесулері өтті. Пайдалы қазбаларды өндіру мен қайта өңдеу салаларындағы неміс компаниялары Қазақстан мен сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екенін хабарлады.

Сондай-ақ іс-сапар шеңберінде қазақстандық дипломаттың еліміздің аумағында бірлескен жобаларды жүзеге асыру мен дамытуға мүдделі неміс компаниялары басшыларының қатысуымен кездесулер орын алды. Олардың қатарында Goldbeck Solar GmbH (фотоэлектрлі күн қондырғыларын құрастыру), ALMiG (автоматты әуе сорғыларын жасап шығару), Thalheimer Transformatorenwerke GmbH (барлық модификация трансформаторлары), Bentec GmbH Drilling & Oilfield System (бұрғылау қондырғылары және мұнай өндірісі құрылғыларын жасап шығару) және т.б. компаниялар болды.

Германия экономикасы Күні  алаңында Баварияның Премьер-Министрінің Орынбасары – федералды жерінің экономика, жер дамуы және энергетика Министрі Хуберт Айвангермен  кездесу өтіп, оның барысында сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Х. Айвангер Қазақстан мен Бавария арасындағы тікелей экономикалық қатынастарды орнатуға қызығушылық білдіре отырып, қазақстандық делегацияны жақын арада Мюнхен қаласына шақырды.

Бавария ірі экономикалық және ғылыми әлеуетке ие және Германияның 16 федералдық жерінің арасында экономикалық өсу қарқыны бойынша көшбасшылардың бірі болып табылады.

 

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің

баспасөз қызметі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив