Сыртқы істер министрі Қазақстандағы Иран Елшісін қабылдады

Сыртқы істер министрі Қазақстандағы Иран Елшісін қабылдады

 

Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов Иран Ислам Республикасының Елшісі Маджид Самадзадэ Саберді қабылдады.

Кездесу барысында алдағы уақытта жоғары деңгейдегі екіжақты сапарларға қатысты мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, қазақстандық тарап Иран Ислам Республикасы Парламентінің спикері Әли Ардашир Лариджанидің 2019 жылғы 23-24 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Еуразия елдерінің парламенттері спикерлерінің 4-ші отырысна қатысуын күтуде.

Тараптар Каспий маңы мемлекеттерінің басшылары Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға қол қойылған Ақтау саммитінің тарихи маңыздылығын атап өтті. (Қазіргі таңда Конвенцияны Әзербайжан, Қазақстан және Түрікменстан ратификациялады. Конвенцияның мақсаты Каспий теңізін, соның ішінде оның суын, түбін, жер қойнауын, табиғи ресурстарын және теңіздегі әуе кеңістігін пайдалану туралы тараптардың құқықтары мен міндеттерін анықтау және реттеу болып табылады. Конвенция ұлттық аймақтарды, юрисдикциялар мен егемендікті делимитациялау, жер қойнауын пайдалану, транзит және тасымалдау, су асты құбырлары мен кабельдерін төсеу, Каспий теңізінің қоршаған ортаны қорғау және биологиялық ресурстарын игеру мәселелерін реттейді).

Иран транзиттік-көліктік маршруттарды әртараптандыру аясында Қазақстан үшін маңызды рөл атқарады. Қазақстан - Түрікменстан - Иран теміржолын және Каспий теңізі арқылы теңіз бағытын тиімді пайдалану қажеттілігі атап өтілді. Қазіргі таңда екіжақты ынтымақтастықты дамытуға, соның ішінде теміржол, ауыл шаруашылығы, туризм және басқа да салалардағы ынтымақтастықты дамыту үшін бірқатар перспективалық бағыттар бар.

Соңғы жылдары Қазақстан мен Иран арасындағы тауар айналымы көлемінің қысқаруы байқалуда. 2018 жылы бұл көрсеткіш 516 млн. АҚШ долларын құрады. Осы ретте СІМ басшысы ирандық бизнесті Қазақстанның аумағындағы түрлі инвестициялық жобаларды іске асыруға шақырды, соның ішінде агроөнеркәсіп және тау-кен салаларында.

Қазақстан-Иран үкіметаралық комиссиясының 16-шы отырысының өтуі үстіміздегі жылы Нұр-Сұлтанда жоспарланып отыр.

 

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив