Қазақстан-жапон қатынастары ҚР Сыртқы істер министрлігінде талқыланды

Қазақстан-жапон қатынастары ҚР Сыртқы істер министрлігінде талқыланды

Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов Жапонияның Қазақстандағы Елшісі Тацухико Касаиді қабылдады. Министр Жапония Елшісін Қазақстандағы толыққанды дипломатиялық қызметтің басталуымен құттықтады. Тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақстан-жапон ынтымақтастығының ағымдағы жай-күйі мен перспективаларын талқылады.

Кездесу барысында екі ел арасындағы жоғары деңгейдегі байланыстардың қарқындылығы атап өтілді. 2015-2016 жылдары өткен елдеріміздің мемлекет басшыларының өзара сапарлары екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға қуатты серпін берген болатын. Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2016 жылы Жапонияға жасаған сапарының қорытындысы бойынша екі елдің көшбасшылары екіжақты қарым-қатынастарды «кеңейтілген стратегиялық әріптестіктің» жаңа деңгейіне шығаруды растаған болатын.

Тараптар Қазақстан мен Жапония арасындағы 2018 жылы 2 млрд. АҚШ долларын, оның ішінде Қазақстаннан экспорт көлемі 1,503 млрд. долларын, ал  Жапониядан импорт - 497 млн. долларын құрады. Сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың одан әрі өсу әлеуеті атап өтіліп, Қазақстанға жапондық озық технологияларды тартуға қызығушылық білдірілді.

Жапония Қазақстанның жетінші ірі шетелдік инвесторы болып табылады. ҚР Ұлттық Банкінің деректері бойынша, 2017 жылы Жапониядан тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы көлемі 357,3 млн., ал 2018 жылдың 9 айында - 304,1 млн. АҚШ долларын құрады. Шетелдік инвестициялардың айтарлықтай ағымын мұнай-газ және тау-кен өндіру саласы құрайды.

Қазақстан Республикасы

Сыртқы істер министрлігінің

баспасөз қызметі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив