Б. Атамқұлов «Үндістан - Орталық Азия» Диалогы сыртқы істер министрлерінің Ауғанстанның қатысуымен өткен  алғашқы кездесуіне қатысты

Б. Атамқұлов «Үндістан - Орталық Азия» Диалогы сыртқы істер министрлерінің Ауғанстанның қатысуымен өткен алғашқы кездесуіне қатысты

 

2019 жылғы 13 қаңтар - Самарқанда Ауғанстанның қатысуымен «Үндістан - Орталық Азия» Диалогы шеңберінде Қазақстан Республикасы, Ауғанстан Ислам Республикасы, Үндістан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Түрікменстан және Өзбекстан Республикасы сыртқы істер министрлерінің алғашқы кездесуі өтті.

Іс-шарада сөйлеген сөзінде Қазақстан Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов «Біздің Мемлекет басшымыз Нұрсұлтан Назарбаев аймақтағы елдермен тату көршілестік және одақтастық қатынастарды нығайтуға үнемі назар аударады, ал Орталық Азия елдерінің географиялық және мәдени-тарихи жақындығы, дәстүрлі орнатылған өндірістік байланыстар, экономиканың біртұтастығы Орталық Азия елдерінің арасында терең интеграциядан басқа балама қалдырмайды», - деп атап өтті.

Қазақстан СІМ басшысы Орталық Азия елдері мен Үндістанды жақындастыруға, сондай-ақ Орталық Азия елдері экономикасының өсуіне серпін беретін өткен кездесудің маңыздылығын атап өтті. «Astana Hub» Халықаралық IT стартаптар технопаркі мен «Астана» Халықаралық қаржы орталығының мүмкіндіктерін пайдалана отырып, Үндістанмен медицина, фармацевтика, жаңа технологиялар және қаржы саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру қажеттілігі атап өтілді. Аймақтың транзит-көліктік әлеуетін арттыру мақсатында Орталық Азия - Үндістан бағытындағы жүктерді тасымалдау үшін Қазақстан - Түрікменстан - Иран және Қазақстан - Өзбекстан - Түрікменстан - Иран теміржол маршруттарын Чабахар портымен байланыстыратын барлық Орталық Азия елдерінің қатысуымен консорциум құру идеясы айтылды.

Іс-шара барысында экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық, сондай-ақ Ауғанстанның тұрақтандыру және экономикалық дамуына ықпал ету мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, өзара сауда-саттықты белсендету, іскерлік ассоциациялардың тікелей байланыстарын кеңейту, Орталық Азия елдерінің транзит және көлік-коммуникациялық әлеуетін дамыту, халықаралық және аймақтық көлік дәліздерін құру бойынша бірлескен бастамаларды алға жылжыту, үндістандық инвестициялар, инновациялар және технологияларды Орталық Азия елдеріне тарту мәселелері қозғалды, оның ішінде өнеркәсіп, энергетика, ақпараттық технологиялар, фармацевтика, ауыл шаруашылығы және т.б.

Кездесу қорытындысы бойынша Диалогқа мүше-елдерінің сыртқы істер министрлері Бірлескен мәлімдеме қабылдады. Тараптар Үндістан мен Орталық Азия елдерінің арасындағы достық қарым-қатынастар мен өзара тиімді ынтымақтастықтың серпінді және жемісті дамуын атап өтіп, аймақты қауіпсіз, тұрақты және орнықты дамыту мақсатында аймақтық ынтымақтастықты, өзара қолдауды, өзекті мәселелерді бірлесіп шешуді растады.

 «Үндістан - Орталық Азия» Диалогы шеңберіндегі алғашқы министрлік кездесуді өткізу туралы ұсыныс алдында 2012 жылдан бері өткізілетін сарапшылар деңгейіндегі бірқатар кездесулер болды. Осындай кездесулерді өткізу туралы бастаманы Үндістанның Сыртқы істер министрлігімен бірлесе отырып Үндістанның Халықаралық істер жөніндегі кеңесі (Indian Council of World Affairs, ICWA) ұсынды.

 

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив