ПАРИЖДЕ ҮШ ЖЫЛҒА СОЗЫЛҒАН ТАЛАП-АРЫЗЫ САН МИЛЛИОНДАҒАН СОМАНЫ ҚҰРАҒАН ТӨРЕЛІК ДАУ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ПАЙДАСЫНА ШЫҒАРЫЛҒАН ШЕШІММЕН АЯҚТАЛДЫ

ПАРИЖДЕ ҮШ ЖЫЛҒА СОЗЫЛҒАН ТАЛАП-АРЫЗЫ САН МИЛЛИОНДАҒАН СОМАНЫ ҚҰРАҒАН ТӨРЕЛІК ДАУ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ПАЙДАСЫНА ШЫҒАРЫЛҒАН ШЕШІММЕН АЯҚТАЛДЫ

 

2018 жылдың 8 қарашасында Халықаралық сауда палатасының жанындағы Төрелік трибунал «Mağdenli Yer Hizmetleri ve Taşıma Anonim Şirketi» (бұдан әрі – «Талапкер») түрік компаниясының Қазақстан Республикасына қарсы берген барлық талаптарын қабылдамау бойынша шешім шығарды.

2015 жылғы наурыз айында «Атырау» ӘКК» АҚ-мен бірлестікте «АТМА» Атырау әуежайы және тасымалдау» АҚ-ның құрылтайышысы болып табылатын Талапкер Қазақстан Республикасына қарсы төрелік процеске бастама жасады.

2018 жылғы 4 шілдеде Париж қаласындағы Халықаралық сауда палатасында негізгі тыңдаулар өтті.

Талапкер Атырау халықаралық әуежайын құру арқылы жанармай жеткізу, жүк қызметі және тікұшақтарға қызмет көрсету бойынша қызметтерді экспроприациялау бойынша іс-шараларды жүзеге асырды деп Қазақстан Республикасын айыптап, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Талапкердің «АТМА» Атырау әуежайы және тасымалдау» АҚ-ға салған қосымша инвестицияларын өтеуі керек деп талап етті.

Талаптардың сомасы 16 млн. АҚШ долларын және пайыздар мен төрелік шығындарды құрады.

Тараптардың дәлелдердін зерделеп, Трибунал Талапкердің барлық талаптарын қабылдамай тастады. Трибуналдың қорыта айтқаны, Қазақстанның мемлекеттік органдары жанармай жеткізу, жүк қызметі және тікұшақтарға қызмет көрсету бойынша қызметтерді экспроприациялау бойынша, сондай-ақ Талапкерге қосымша инвестицияларды қайтаруда кедергі жасап, ешқандай әрекет жасамады. 

Сонымен қатар, Төрелік трибуналдың атап өткені, қазақстандық сот жүйесі шетелдік инвесторлардың құқықтарын бұзбай, заңдылық және әділдік қағидаттарына сәйкес әрекет етті.

Бұдан басқа, Трибунал Қазақстан Республикасының Талапкерге қосымша инвестицияларды өтеу бойынша қандай да бір міндеттемелері жоқ деп қаулы етіп, Қазақстан шетелдік инвестицияларды қорғау бойынша халықаралық міндеттемелерін толықтай орындады деген қорытындыға келді.

Осылайша, Трибунал Талапкер шамамен 500 000 АҚШ долларын құрайтын сомаға жұмысты ұйымдастыру үшін жұмсалған және төрелік шығындарды көтеруі керек деп қаулы етті.

Қазақстан Республикасының Әділет министрі Марат Бекетаевтың айтуынша, «Төрелік трибуналдың шешімі Қазақстанның аумағында шетелдік инвесторларды жан-жақты қолдау саясатын бұрынғыша ұстанатын Қазақстан Республикасының позициясын толықтай растайды».  

 

 ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі  басқармасы 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив