Лондон, Дублин және Манчестер қазақстандық оркестрді қошеметтеді

Лондон, Дублин және Манчестер қазақстандық оркестрді қошеметтеді

Жамбыл атындағы Қазақ филармониялық камералық оркестрі Ұлыбритания мен Ирландия қалаларындағы бір апталық турнесін Дублин, Манчестер және Лондондағы концерттерімен аяқтады.

Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшісі Ерлан Ыдырысов қазақстандық мәдениетті щетелде танымал ету ісіне қосқан үлесі үшін оркестр мүшелеріне алғысын білдірді. Манчестердегі концертте қазақстандық дипломат еліміздің Ұлыбританиядағы алғашқы ядролық қарудан азат аймақ болып жарияланған қаламен ерекше қарым-қатынасын атап өтті. Манчестер мен Қазақстандық Семей ядролық қарудан азат әлемге қол жеткізуге бағытталған «Mayors for Peace» ұйымы аясында бірге жұмыс істейді.

Классикалық музыканыбағалай білетін меймандар, оның ішінде аңызға айналған қазақ композиторларының туындыларын бірінші рет тыңдағандар қазақстандық музыканттар мен классикалық қазақ шығармаларының ерекше дыбысын бағалады. Концерттерге қатысқан британдық саяси, экономикалық және мәдени орталардың жоғары өкілдері және дипломатиялық корпустың мүшелері классикалық қазақ музыкасына және оркестрдің шығармашылығына шынайы қызығушылық танытты.

Лондондағы концертке Ұлыбритания Премьер-министрінің Қазақстандағы Сауда өкілі Баронесса Эмма Николсон, Лордтар палатасының мүшесі, Қазақстанмен ынтымақтастық жөніндегі көппартиялық топ Төрағасының орынбасары Лорд Мохамед Шейх, жетекші мемлекеттердің елшілері, Ұлыбритания Сыртқы істер министрлігінің, бірқатар халықаралық ұйымдардың өкілдері және басқалар қатысты.

Танымал канадалық скрипкашы Лара Сент-Джон және көптеген жүлделермен марапатталған қазақстандық кларнетист Бектұрған Жоламан турненің солистері болды. Оркестрге жетекшілік еткен атақты қазақстандық дирижер Ерболат Ахмедьяров.

Турне барысында оркестр «BBC Radio 3» радиосындағы «In Tune» бағдарламасының тікелей эфирінде өнер көрсетті. Аталған бағдарламаға дәстүр бойынша классикалық, джаз және халық музыка әлеміндегі үздік оркестрлер қатысады. Тыңдармандар оркестрдің жазбасын «BBC» веб-сайтында үш ай бойы тыңдай алады.

Лондондағыконцерттенкейін оркестр Миланғабарып, әлемдіктурнесініңқорытындыконцертінбереді.

КонцерттердіҚазақстанРеспубликасыныңМәдениетжәне спорт министрлігі ҚР-дыңҰлыбританиядағыЕлшілігініңқолдауымен «Жаһандықәлемдегізаманауиқазақстандықмәдениет» жобасыаясындаұйымдастырды. Турне Қазақстан мен Ұлыбританияжәне Ирландия арасындағыдипломатиялыққатынастардың 25 жылдықмерейтойынатапөтті.

 

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Баспасөз қызметі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив