Қазақстандық суретші, «АТОМ Жобасының» Құрметті Елшісі К.Күйіков Аустрияда «Ядросыз болашақ» сыйлығына ие болды

Қазақстандық суретші, «АТОМ Жобасының» Құрметті Елшісі К.Күйіков Аустрияда «Ядросыз болашақ» сыйлығына ие болды

2018 жылы 24 қазанда Аустрияның Зальцбург университетінде «Ядросыз болашақ» сыйлығының (Nuclear-Free Future Award – NFFA) марапаттау рәсімі аясында қазақстандық суретші, халықаралық антиядролық қозғалысының белсендісі, «АТОМ Жобасының» Құрметті елшісі Кәріпбек Күйіков марапатталды.

Қазақстанның Аустриядағы Елшісі Қайрат Сарыбай «Ядросыз болашақ» сыйлығының иегерлерін антиядролық қызметтерінің жоғары баға алуымен құттықтап, Кәріпбек Күйіковтың марапатталуы ядролық қарусыздандыру мен таратпау жаһандық үдерістерінде Қазақстан рөлі және Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың бастамаларының мойындалуын білдіреді деп атап өтті. Елші барлық қатысушыларды әлемнің ядролық жарылыстардан құтылу үшін күш салуға бағытталған «АТОМ Жобасы» онлайн-петициясына өздерінің қолын қоюға шақырды.

Қазақстандық өкілмен қатар, Аустралия, Ұлыбритания, Франция және Аустрияның өкілдері де сыйлықтын иегерлері болып аталды.

25 қазанда Халықаралық антиядролық  симпозиум өтеді, онда сыйлықтың жеңімпаздары жұртшылықты өз қызметімен таныстырады.

Кәріпбек Күйіков – 2012 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев бастамашылық жасаған «АТОМ Жобасының» Құрметті Елшісі болып табылады. Жобаның миссиясы – ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу және барлық елдердің ядролық қаруды толық жоюға жаһандық қоғамдық қолдауды біріктіру.

«Ядросыз болашақ» сыйлығы 1998 жылы Франц Молл қорымен құрылды және антиядролық белсенділердің, ұйымдардың және қауымдастықтардың қызметін ынталандыруға бағытталған. Биылғы жылы сыйлықтың 20 жылдығы атап өтілуде.

Бұрын әлемнің 80-нен астам өкілдері мен ұйымдары аталған сыйлыққа ие болған, соның ішінде Қазақстаннан - Юрий Куйдин, фотожурналист, «Невада-Семей» ядролыққа қарсы қозғалысының серіктесі, Дүниежүзілік атом фотографтары гильдиясының мүшесі, ядролық тақырып бойынша көптеген фотоальбомдардың авторы (2000ж. марапатталған).

 

 

 Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

4 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив