Қ. Әбдірахманов: Президенттің жолдауы сыртқы саясат ведомствосының алдында нақты міндеттерді қояды

Қ. Әбдірахманов: Президенттің жолдауы сыртқы саясат ведомствосының алдында нақты міндеттерді қояды

ҚОРҒАС, 2018 жылғы 6 қазан – Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты халыққа жолдауынан шыққан міндеттер туралы баяндады.

«Сыртқы істер министрлігінің алдында прагматизм негізінде халықаралық аренада Қазақстанның сыртқы саясатын бейімдеу және ұлттық мүдделерін ілгерілету бойынша нақты міндеттер қойылды. Әлемдегі ахуал ауысып келеді, сондықтан бізге Қазақстанның дамуы үшін, Мемлекет басшысы алдымызға қойған барлық мақсаттарды орындау үшін біз жағымды сыртқы жағдайды қамтамасыз етуіміз қажет», - деді Министр Алматы облысындағы «Қорғас» Шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығында дипломатиялық корпустың алдында сөйлеген сөзінде.

«Саяси тұрғыда біз аймақтық ынтымақтастық, жақсы тату көршілікті нығайту, Қазақстанның бітімгершілік рөлі, Шығыс пен Батыстың арасындағы көпір салу, сондай-ақ біздің еліміздің көп жақты дипломатияға белсенді қатысуы туралы айтып отырмыз. Мемлекет басшысы «экономикалық дипломатия» саласында оданда жоғары міндеттерді қойып отыр. Бұл шикізаттық емес экспортты қолдау, белсенді сауда саясаты, қазақстандық бизнесті шетелде қорғау және ілгерілету, инвестициялар, технологиялар мен үздік әлемдік тәжірибені тарту, туризмді дамыту», - деп атап өтті ведомство басшысы.

Министрдің айтуынша, Сыртқы істер министрлігі алдына қойылған міндеттерді орындау үшін елдегі салалық агенттіктер және өңірлермен тығыз ынтымақтастық орнатып, қажетті қолдау көрсетеді. Шетелдік дипломатиялық миссиялар басшыларының Алматы облысына жасаған сапары барысында облыс өзінің экономикалық және инвестициялық әлеуетін таныстырады.

«Мемлекет басшысы көлік-логистикалық саланы бөлек атап өтті. Біз бұл салаға аса маңызды көңіл бөлуді жалғастырамыз, әсіресе Қытайдың «Белдеу және жол» бастамасын белсенді түрде іске асыруын және оның қазақстандық «Нұрлы жол» бағдарламасымен өзара әрекеттесуін назарға алғанда. Біздің бүгінгі Қорғасқа жасаған сапарымыз осы маңызды жұмыс бағытымен тікелей байланысты және біздің елдеріміздің ХХІ ғасырдағы Ұлы Жібек жолын қайта жаңғыртудағы өзара тиімді ынтымақтастығына жаңа серпін беретінін күтеміз», - деп атап өтті СІМ басшысы.

Жолдаудан шығатын міндеттер мен оларды шешу жолдары туралы Алматы облысының әкімі Амандық Баталов пен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның Президенті Қанат Алпысбаев толық баяндап, шетелдік дипломаттардың көптеген сұрақтарына жауап берді.

 

Қазақстан Республикасы

Сыртқы істер министрлігінің

баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

7 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив