Шетелдік БАҚ өкілдері: Түркістан – Қазақстанның «жасырын қалған жауһары»

Шетелдік БАҚ өкілдері: Түркістан – Қазақстанның «жасырын қалған жауһары»

ҚР Сыртқы істер министрлігі тарапынан ұйымдастырылған пресс-тур аясында Қазақстанға сапар шеккен ағылшын тілді индонезиялық «Indonesia Tatler» басылымының журналисі Ливиани Синтияна Түркістан – Қазақстанның «жасырын қалған жауһары» деп есептейді. 

Мәдениет, музыка, өнер және туризм тақырыптары бойынша мамандырылған 8 шетелдік журналист «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Қазақстанда болды. Қазақстан халқының материалдық және рухани мәдениеті тақырыбы, сондай-ақ туризмді дамыту мәселелері келесі шетелдік басылымдардың назарында болды: «The Calvert Journal» (Ұлыбритания), «Saga Magazine» (Ұлыбритания), «AGIR» (Италия), «Agora Vox le media» (Франция), «Turystyka» (Польша), Global Times» (Қытай), «Indonesia Tatler» (Индонезия), «International Policy Digest» (Корея).

Журналистер саяхатының бағдарламасы Астана, Алматы және Түркістан қалаларының мәдени және тарихи мекемелерін, тарихи ескерткіштер мен басты туристік көрікті жерлеріне сапар жасауды қамтиды.

Астанада журналистерге арнап қазақ халқының дәстүрлі ұлттық мәдениеті мен модерн элементтері үйлескен бағдарлама әзірленді. Олардың айтуынша, Қазақ ұлттық өнер университеті студенттерінің қазақ ұлттық музыкалық аспаптарында орындаған күйлері мен әндері ұмытылмас әсер қалдырды. «Астана Опера» театрында олар опералық әншілер мен театр оркестрінің дайындықтарын ерекше ықыласпен бақылады. «Ballet Academy» Қазақ ұлттық хореография академиясында балеттегі жас әртістердің өнері ұсынылды. Олар «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған  көрмесінің қазақстандық павильонын, Ұлттық музей мен  «Хан шатыр» сауда және ойын-сауық орталығын аралады.

Түркістанға сапар барысында журналистер ежелгі Отырар қаласы, Қожа Ахмет Яссауи, Гаухар ана кесенесі және т.б. тарихи және мәдени мұра объектілерін аралады. Сапар аясында оларды Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев қабылдап, Түркістан қаласының ерекше орны мен аймақтың дамуы туралы ежгей-тегжейлі айтып берді. Меймандар үшін қазақ халқының тұрмысы мен салтын көрсететін арнайы мәдени-ағартушылық бағдарлама дайындалды.

Алматыға сапар кезінде олар Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейін аралап, ЮНЕСКО-ның репрезентативті тізіміне енген материалды емес мәдени мұраның элементтерімен таныстырылды, дәстүрлі музыканың Мультимедиялық орталығы мен «Qazaq-Oner» қолөнершілер орталығының қызметімен танысты. Сондай-ақ, журналистер Шарын каньоны, Шымбұлақ және Көктөбе секілді көрікті жерлерді көріп қайтты.

Индонезиялық журналист Л. Синтиана үшін пресс-турдың ең есте қаларлық сәті Түркістанға сапар болып табылды. «Мен барлық достарымды және отандастарымды бұл өте керемет және аса қонақжай адамдары бар ежелгі қалаға сапар шегуге міндетті түрде шақыратын боламын», - деп айтты ол.

Польшадан келген журналист Анна Клоссовска Қазақстанда өткізген әрбір күн тосын сыйға толы болғандығын жеткізді. «Мен өзім үшін бұл көпэтникалық халықтың бай және сан алуан мәдениеті мен салт-дәстүрін аштым. Батыстың БАҚ-тары Астананы Дубаимен салыстырып жатады, алайда мен Астана тек заманауи ғимараттар емес екендігін айтқым келеді. Қаланың өзіндік рухы бар, ол ұлттық нақыштағы дизайнмен көркемделген фасадтарда көрініс табады», - деп атап өтті ол.

«The Calvert Journal» атты британдық басылымның журналисі Надя Берд бұл пресс-турды елдің мәдениеті және тарихи мұрасымен танысу үшін тамаша мүмкіндік болғандығын атап өтті. «Бұл сапар барысында біз қазақстандық халықтың тек мәдениетінің алуандығына емес, сонымен қатар сан алуан табиғаты мен сәулетіне куә болдық. Жалпы айтқанда жаңаны, ескіні және дәстүрлі заттарды көрген керемет болды деп ойлаймын», - деп британдық журналист қорытындылады.

«Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» атты жоба аясында жүзеге асырылған үшінші пресс-тур, сондай-ақ туризмді дамытуға және жалпы Қазақстанның серпінді түрде дамып отырған мемлекет ретіндегі имиджін қалыптастыруға бағытталған.

 

 

 ҚР Сыртқы істер министрлігінің

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив