Каспий маңындағы мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері Каспий саммитіне дайындық жұмыстарын талқылады

Каспий маңындағы мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері Каспий саммитіне дайындық жұмыстарын талқылады

АҚТАУ, 2018 жылғы 11 тамыз – Ақтау қаласында Бесінші Каспий саммитінің қарсаңында қазақстандық тараптың төрағалығымен Каспий маңындағы мемлекеттер Сыртқы істер министрлерінің кеңесі өтті.

Кеңестің жұмысына Әзербайжанның сыртқысаяси ведомствосының басшысы Эльмар Мамедъяров, Иранның - Джавад Зариф, Қазақстанның - Қайрат Әбдірахманов, Ресейдің - Сергей Лавров және Түркіменстанның - Рашид Мередов қатысып, алдағы жоғары деңгейдегі «Каспий бестігі» кездесуіне дайындық жұмыстарын қорытындылады.

«Бүгін біз ілгерілемелі келісімге ұмтылу және өзара тиімді шешімдерді табудың арқасында Каспий теңізіндегі өзара әрекеттесуге қатысты барлық мәселелер бойынша консенсуске келе алдық. Бұның айғағы ретінде президенттерге қол қоюға ұсынылған Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияның жобасы болып табылады», - деді Қ.Әбдірахманов. Атқарылған жұмыс Каспий маңындағы мемлекет басшыларының белсенді атсалысуы мен жеке көңіл бөлуінің арқасында жүзеге асырылғаны атап өтілді.

Каспий маңы мемлекеттерінің сыртқы істер министрлері Бесінші Каспий саммиті барысында қол қоюға жоспарланған Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияның ережелерін жүзеге асыру бойынша тараптардың келешек әрекеттерін бейнелейтін хаттаманы қабылдады.

 

ҚР Сыртқы істер министрлігінің

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив