Министр Қ.Әбдірахманов Діни сенім бостандығын насихаттау жөніндегі министрлік конференциясына қатысты

Министр Қ.Әбдірахманов Діни сенім бостандығын насихаттау жөніндегі министрлік конференциясына қатысты

ВАШИНГТОН, 2018 жылғы 26 шілде - Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Майкл Помпео бастамашылық еткен Діни сенім бостандығын насихаттау жөніндегі бірінші министрлік конференциясының жұмысына қатысты.

Іс-шараға әлемнің 80 елінен келген сыртқы саяси ведомстволарының басшылары, сондай-ақ 170-тен астам азаматтық қоғам өкілдері және 100 діни лидерлер қатысты.

Конференцияны ашқан АҚШ Вице-президенті Майкл Пенс діни еркіндікті қамтамасыз ету Президент Дональд Трамп Әкімшілігінің басты басымдықтарының бірі екендігін, сондай-ақ АҚШ-тың мемлекеттік саясатының маңызды бағыты болып табылатындығын мәлімдеді. Осыған байланысты дүние жүзіндегі діни бірлестіктер, азшылықтар мен діндар адамдардың құқықтарын қорғауда АҚШ халықаралық қоғамдастыққа жәрдемдесу және қолғабыс көрсетуді жалғастыруға ниетті.

Мемлекеттік хатшы М. Помпеоның айтуынша, аталған мақсаттарды жүзеге асыру үшін АҚШ діндарлардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған бірқатар бастамаларды жүзеге асыруды жоспарлауда.  Конференция қатысушылары АҚШ-тың Потомак декларациясын және Діни бостандықты қамтамасыз ету саласындағы Потомак іс-қимыл жоспарын қабылдау туралы ұсынысын қолдады.

Өз сөзінде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қ.Әбдірахманов Қазақстанның діни бостандық қағидасына берік айнымастығын және еліміздің осы саладағы халықаралық күштерді қолдауға дайындығын растады. Сыртқы саяси ведомство басшысы осы бастамалардың 2016 жылғы сәуірде Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Ислам ынтымақтастығы ұйымы саммиті аясында ұсынылған «исламдық татуласу» идеясымен, сондай-ақ 2012 жылғы желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы қолдаған «мәдениеттерді жақындастыру» идеясымен сәйкес келетіндігіне ерекше назар аударды.

Қазақстандық тарап діни бостандықты насихаттау халықаралық тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпал етеді деп санайды. Бұған бейбітшілік, қауіпсіздік, тұрақтылық пен тұрақты дамудың өңірлік үлгісі ретінде қызмет етуге ұмтылатын Орталық Азия дәлел.

Сөз соңында Министр Конференцияға қатысушыларды ағымдағы жылдың қазан айының басында өтетін Қазақстан көшбасшысының бастамасымен құрылған, діндер, мәдениеттер мен өркениеттер арасындағы диалогты қолдаудың бірегей алаңы болып табылатын Қазақстандағы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VI съезі туралы хабардар етті.

Сонымен қатар, Қ. Әбдірахманов Конференция аясында АҚШ Мемлекеттік хатшысы М. Помпео, АҚШ Президентінің аға кеңесшісі Джаред Кушнермен пікір алмасты және Мемлекеттік хатшының Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі орынбасары Элис Уэллспен келіссөздер жүргізіп, оның барысында қазақстандық-американдық қарым-қатынастар дамуының ағымдағы жағдайымен мен болашағы талқыланды

ҚР Сыртқы саяси ведомствоның басшысы Вашингтондағы сапары барысында жетекші сараптамалық орталықтардың бірі «Атлантикалық кеңеске» барып,  онда Қазақстан дамуының негізгі басымдықтары туралы брифинг өткізді және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

   

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив