Сыртқы істер министрлігі қоғам алдында Орталық Азия елдерімен ынтымақтастық туралы есеп берді

Сыртқы істер министрлігі қоғам алдында Орталық Азия елдерімен ынтымақтастық туралы есеп берді

АСТАНА, 2018 жылғы 4 сәуір – Орталық Азиядағы ынтымақтастық Қазақстан Сыртқы істер министрлігі қызметінің мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің бүгінгі отырысының басты тақырыбы болды.

Кеңес мүшелері мезгілсіз өмірден озған «Қазақстанның азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Нұрлан Кенжебекұлы Ерімбетовты бір минут үнсіздікпен еске алды. Өзінің кіріспе сөзінде Кеңес төрағасы, Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Дариға Назарбаева Н. Ерімбетовтің азаматтық қоғамды дамытуға қосқан елеулі үлесін және Қазақстан Сыртқы істер министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңестегі табысты жұмысын атап өтті.

Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов отырыста негізгі баяндама жасады. Ведомство басшысы көрші елдермен жан-жақты байланыстарды нығайту Қазақстан сыртқы саясатының басымдылығы екенін атап өтті. «Астана қаласында 15 наурызда өткен Орталық Азия мемлекет басшыларының жұмыс консультативтік кездесуі көптен күткен тарихи оқиға болды және бірлік пен жаңарудың белгісі болып табылатын Наурыз мерекесі қарсаңында өткізілуі ортақ мәдениетіміз бен өркениетіміздің ұқсастығын көрсетті», - деп атап көрсетті Қ.Әбдірахманов. Президент Н.Ә. Назарбаевтың төрағалығымен өткен Астана кездесуіндегі нақты уағдаластықтарға қол жеткізу тараптардың қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету, өңірлік сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыру, мәдени-гуманитарлық өзара әрекеттестікті нығайту бойынша ынтымақтастықты кеңейтуге, сондай-ақ Орталық Азияның барлық күрделі мәселелерін бірлесіп шешуге дайын екендігін білдіруге мүмкіндік береді. Министр екі ел арасындағы конструктивті және өзара тиімді қарым-қатынас аймақтағы өзара түсіністік пен ынтымақтастықты қалыптастырудың алғышарттарын жасайтынын атап өтті.

Сарапшы Сұлтан Әкімбеков азаматтық қоғамнан Орталық Азия аймағындағы экономикалық ынтымақтастықтың әлеуеті мен қауіпсіздігі мәселелері тақырыбында бірлескен баяндама жасады.

Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Қоғамдық кеңес жанындағы сараптамалық-аналитикалық және ақпараттық-имидждік тобы туралы баяндама жасады. Аталған баяндамада сыртқы саяси ведомствоның сарапшылар қауымдастығы және бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара әрекеттестігінің қазіргі жағдайы мен келешегі туралы толық ақпарат қамтылды.

Талқылау барысында Кеңес мүшелері парламенттік дипломатияны нығайту, ЕАЭО құрылымдарында ұлттық ұстанымдарды қорғау, «Қазақстан - Жаңа Жібек жолы» инфрақұрылымдық жобасын дамыту, Орталық Азиядағы гуманитарлық ынтымақтастықты тереңдету және басқа да қызмет салалары бойынша бірқатар ұсыныстар жасады.

ҚР СІМ қызметінің мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы 2018 жылғы күзге жоспарланған.

  

 ҚР Сыртқы істер министрлігінің

Баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив